Халықты тамақтандыру бизнесі – болашағы зор сала

Жаңалықтар
13.09.2021

«Ibrayev Company» ЖК компаниясының басшысы Дәурен Сыздықов қоғамдық тамақтандыру бизнесін болашағы зор сала деп есептейді.

8.jpg

«Адамға тамақ үнемі керек. Өмірдің қазіргі қарқыны көп адамдарға үйде тағам дайындап отыруға уақыт жетіспейтін етті. Жартылай фабрикаттар – тамақ дайындауға уақыты жоқ адамдар үшін таптырмас шешім. Бұл ас түрінің арқасында сіз сүйікті тағамыңызды бірнеше минут ішінде дайындап ала аласыз, әрі уақыт үнемдейсіз. Біз клиенттің уақытын үнемдегенмен, сапаға келгенде үнемдемейміз»,-дейді Дәурен Сыздықов.

Дәуреннің айтуынша, ол көп саяхаттайды. Әсіресе Ресейде дайын тағам, жартылай фабрикаттар жеткізу бағыты жақсы дамыған.

«Менде асхана бар еді. «Даму» Қорының қолдауымен дәмхана аштым. Мұнда тек тамақтандырып қана қоймай, дайын тағамдарды да жеткіземіз, кейтерингтер өткіземіз. Тағы бір жаңалық – өнімдерді рецептерімен бірге жеткізіп беру. Біздің рецепттеріміз бойынша азық-түлік сатып алуға уақыт жұмсамай, үйден шықпай-ақ тағам дайындау оңай. Өнімдер есеппен салынған, артық шығын жоқ» - дейді кәсіпкер.

Кәсіпкер дәмхана ашу идеясы мен тағам, жартылай фабрикаттарды жеткізу бағытын жүзеге асыруды мұқият жоспарлап, көрші елдердегі осындай бизнес тәжірибесін мұқият зерттеді.

Ойын іске асыру үшін жаңа жабдықтар қажет болды. Оған, қаржы мәселесі қосылды. Кәсіпкер құрал-жабдықтар сатып алуға «Сбербанк» АҚ арқылы 14 пайызбен несие алды. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қор 8 пайызын субсидиялады. Сонымен қатар, «Даму» Қоры несие сомасының 85%-ына кепілдік берді. Қалған 15%-ы үшін кәсіпкер депозитін кепілге қойды.

Дәурен болашақта республиканың басқа өңірлерінің нарығын жаулауды жоспарлап отыр.

«Бәсекелестіктен қорықпаймын. Керісінше, бәсекелестік – жақсаруға, жетілуге итермелейді. Мақсатыма қол жеткізетініме сенімдімін. Бізде бұған қажеттінің бәрі бар. Ол: табандылық, еңбекқорлық, керемет команда. 

Павлодар қаласы, Горький көшесі 40

8 776 814 84 38

@chef_pavl