Алматы облысында мемлекеттік бағдарлама аясында «АLUMINIUM ОF КAZAKHSTAN» ЖШС қолдау алды

Жаңалықтар
10.09.2021

Қазір престелген профильдер ғимарат салу, қоршау жасау, есік-терезе, қалқа және желдетілетін қасбеттер құрылысында кеңінен пайдаланылады.

«Aluminium of Kazakhstan» ЖШС – Қазақстан Республикасында «HOFFMANN ALUMINIUM» сауда белгісімен алюминий профильдерін экструзиялайтын үш көшбасшы кәсіпорынның бірі. 2013 жылы Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша алғашқы кәсіпорын ретінде құрылды. Жоғары технологиялы, толық циклды зауыт заманауи қондырғылармен жабдықталған. Соның арқасындла өндірісті экологиялық жағынан қауіпсіз етіп, электр мен газ шығынын едәуір азайтып отыр. Қазір өндіріс 4 цехтан тұрады. Олар: құю, пресс, бояу, анодтау бөлімі. Алюминий профильдерінің 1000-нан астам түрі шығады.

«Зауыт қалдықсыз технологияларды қолдана отырып профильдерді толық циклде өндіру технологиясын енгізген Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Командада жоғары білікті мамандар бар. Түркияның ең ірі ғылыми орталығымен бірлескен зерттеулер жүргізеді, әлемге әйгілі профиль өндірушілерінің тәжірибесін зерттейді».- дейді бас директордың бірінші орынбасары Данияр Асылбекұлы.

Компания «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы айналым қаражатын толықтыру үшін 14%-бен қарыз алды. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында Қор несиені субсидиялап, сыйақы мөлшерлемесін 6%-ға түісіріп берді. Сонымен қатар, кепілзат жетпеген кезде «Даму» Қоры кепілдік берді.

Компанияның ұраны: «Біз жоғары сапалы, экологиялық таза, энергияны үнемдейтін және функционал өнімдер шығара отырып өмірге жылу, жайлылық пен эстетика қосамыз».

Сайт: http://hoffmann.kz/

Байланыс телефоны: +7 702 702 38 85

Мекен -жайы: Алматы облысы, Іле ауданы, Мұхаметжан Түймебаева ауылы, 177 -бөлім