Қостанайлық жас кәсіпкер темір-бетон өндірісін ашты

Жаңалықтар
10.09.2021

Станислав Савченко – ісін жаңа бастаған кәсіпкер. Дағдарыс кезінде бизнес ашудан қорықпаған жандардың бірі. Былтыр күзде Станислав жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, техника мен базаны жалға алып, темір-бетон бұйымдар шығара бастады.

Әр түрлі форматтағы темір-бетон бұйымдар кез келген құрылыста сұранысқа ие. Олар іргетас, баспалдақ, құдық, инженерлік желілер салуда қолданылады. Станиславтың өнімдеріне де Қостанайдағы құрылыс компаниялары «құда түсе» бастады. Өңірде мектеп, тұрғын үй, спорт ғимараттары қарқынды салынып жатыр.

2021 жылы мамыр айында «Савченко» ЖК темір-бетон бұйымдары өндіруге шикізат сатып алу үшін «ЦентрКредит Банк» АҚ арқылы 5 миллион теңге несиені 17,5%-бен алды. «Даму» қорының қолдауымен «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сыйақы мөлшерлемесі субсидияланып, 6%-ға түсірілді. Қор ұсынған кепілдік сомасы 4,25 миллион теңге

Бүгінде Станиславтың бизнесі табысты жұмыс істеуде және Қостанай облысының тұрғындары сұранысын қанағаттандырып отыр.

+7 701 111 46 21

Қостанай қаласы, К. Маркс көшесі 74