Өмір қозғалысты талап етеді, Ingenious Logisticпен бірге қозғалыңыз

Жаңалықтар
13.09.2021

Жүк тасымалдау – тек өнімдерді бір жерден екінші жерге жеткізу процесі ғана емес, сонымен қатар оларды дайындау мен ілеспе шаралардан тұратын бүтіндей бір кешен болып саналатын қиын әрі қажет процестің бірі.

Ingenious Logistic ЖШС өзін ТМД елдері мен Еуропада халықаралық жүк тасымалдау және тасымалдау экспедициясы қызметтері нарығында сенімді серіктес ретінде дәлелдеген.

«Ingenious Logistic ЖШС, яғни көлік-логистикалық компания құру туралы ой 2019 жылы туындады. Жүк тасымалдау саласында тәжірибем болғандықтан, экспедиция қызметінен бастауды жөн көрдім. Кейін көліктерді жалға ала бастадым. 2019 жылдың соңында 1 ершікті жүк тартқыш сатып алдық, оған тіркемеге тек 2020 жылдың наурызында қол жеткіздім. Сол жылы несиеге қосымша тіркемесі бар 3 ершікті жүк тартқыш алдық. Осы уақыт ішінде біздер өз серіктестерімізге қосымша экспедициялық қызметтерді көрсеттік» — дейді Ingenious Logistic ЖШС директоры Никита Фоменко.

2020 жылы компания тіркемесі бар автокөліктерді алу үшін «ВТБ Банкі (Қазақстан)» АҚ ЕБ арқылы қаржы алды. «Даму» Қорының қолдауымен «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында пайыздық мөлшер жылдық 6%-ға дейін төмендетілді.

«Біз әр жүктің ерекшелігін, оның тіркелуін, тасымалдау бағытын ескереміз және тұтынушылардың талабын жеке қарастырамыз. Бір де бір сұранысты елеусіз қалдырмаймыз. Автокөлік паркін 30 көлікке дейін ұлғайтып, жаңартып отыру жоспарда бар. Мен кәсіпорынмен бірге өсіп келе жатқан командамды мақтан тұтамын. Осы уақытқа дейін қол жеткізген барлық жетістік – солардың арқасында»,-деді кәсіпкер.

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Панорамная көшесі 28/5.