Петропавлда ламинатталған фанера шығаратын зауыт ашылды

Жаңалықтар
10.09.2021

Солтүстік Қазақстан облысында «Даму» Қорының қолдауымен су өткізбейтін жоғары сапалы ламинатталған фанера шығаратын тұңғыш комбинат дамып келеді. «Солтүстіктің фанер фабрикасы» ЖШС 2021 жылдың басында құрылды. Осы 8 ай ішінде ол толық өндірістік қуатқа қол жеткізді.

Мұның бәрі «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы арқасында мүмкін болды. Компания ламинатталған ағаш фанерасын өндіруге арналған жабдықты сатып алу, сондай-ақ айналым қаражатын толықтыру үшін  «Сбербанк»  ЕБ АҚ арқылы жылына 14%-бен несие алды. Оның тек 6%-ын кәсіпкер төлейді, ал 8% айырманы «Даму» қоры субсидиялайды.

ЖШС директоры Челик Огузханның айтуынша, кәсіпорын жоғары дәлдіктегі заманауи қондырғылармен жабдықталған, жылына 20 000 м3 фанера шығара алады. Шикізат ретінде Солтүстік Қазақстан облысында өсетін қайыңды пайдаланады. Дайын өнімді жергілікті құрылыс компаниялары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы тұтынушылар сатып алады.

Петропавл, Ярослав Гашек өткелі 1

+7 (771) 619-35-88

https://northwood.ru/

Email: sales@northwood.ru