«Даму» Қорының қатысуымен «Ансар-Сервис» ЖШС қолдау алды

Жаңалықтар
13.09.2021

«Аңсар-сервис» ЖШС нарықта 1999 жылдан бері жұмыс істейді. Компанияның жалғыз құрылтайшысы және бас директоры Меңлібеков Карпат Жолмағамбетұлы. Кәсіпорын ғимараттар мен құрылыстар салып, қазандық жабдықтарын орнату және сервистік қызмет көрсету, желдету жүйелерін дайындау және монтаждау, қазандық жабдықтарына сорғылар мен қосалқы бөлшектер жеткізу, инженерлік желілерді салу және қызмет көрсету (су құбыры, жылыту, кәріз және т.б.), телекоммуникация жабдықтарын, БӨАжА, өрт сөндіру және дабыл жүйелерін монтаждау және баптау бойынша қызмет көрсетеді.

Компания «Даму»қорының қызметтерін тұрақты түрде пайдаланады. Атап айтқанда, айналым қаражатын толықтыру үшін несие алған кезде Қор «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында несие сомасының 50% мөлшерінде бірнеше рет кепілдік берді. Сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидияланып, 6%-ға дейін азайтылды.

Қазір «Аңсар Сервис» ЖШС Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысы бойынша үнемді, сенімді және бағасы қолжетімді жылыту қазандықтарын, жабдықтарын, блокты-модуль қазандықтар, жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелерін жеткізушізушілердің бірі. Компанияның барлық ресурстары және құрылыс-монтаждау жұмыстарының барлық түрін орындауға мүмкіндік беретін дамыған инфрақұрылымы, автокөлік құралдары мен арнайы техникалары бар. Негізгі тапсырыс берушілер – Қызылорда және Алматы қалаларындағы ірі мұнай компаниялары мен мекемелер, «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы ресейлік кәсіпорындар. Тапсырыс берушілердің нысанында жылдық сервистік қызмет көрсетіп, жабдыққа мониторинг жүргізумен де айналысады.

+7 771 802 00 33

Инстаграм: @ansarservice.kzo