Тараз қаласында жаңа «Қарлығаш» сауда үйі ашылды

Жаңалықтар
14.09.2021

«Қарлығаш» сауда үйін ашқан Жандарбек Жиенбекұлы кәсіпкер ретінде 2017 жылы тіркеліп, Жамбыл өңірінің құрылыс компаниялары үшін жүк көлігі, трактор мен басқа да техниканы жалға берумен айналысты.

Тараз қаласында жалға берілетін үй-жай табу оңай шаруа емес. Әрі жалдау ақысы тым жоғары болып келеді. Осы жағдайды сараптап зерттеген ол 2020 жылдың басында құрылысы бітпеген «Қарлығаш» сауда үйін сатып алды. Алайда құрылысты аяқтауға өз қаражаты жетпеді.

Кәсіпкер бұл тығырықтан шығу үшін «Даму» Қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына барып, толыққанды кеңес алды. Нәтижесінде «Банк Центр Кредит» АҚ арқылы 18 млн теңге несие алып, «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында мөлшерлемесін субсидиялап, ақырғы төлемді 6%-ға түсірді.

Бұл қаржыны кәсіпкер «Қарлығаш» сауда үйінің құрылысын аяқтауға жұмсады. Қазір сауда үйі толыққанды жұмыс істеп тұр және бірқатар жаңа жұмыс орындары ашылды.

«Бизнесті басқа бағытта бастау қауіпті, бірақ пайдасы да мол. Кәсіпкерлерге «стартап-жобаларға» қатысудан қорқудың қажеті жоқ. «Даму» қоры кәсіпкерлерге әрдайым қолдау көрсетеді»,-дейді Жандарбек Жиенбекұлы.

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Алатау ш.а., 11 А үй.

Тел.: +7 (701) 726-65-71