Көкөністер мен жемістер - витаминді өнімдер

Жаңалықтар
14.09.2021

«Апельсин» дүкені Қостанай облысының тұрғындары арасында бұрыннан танымал. Адамдар мұнда тек қаланың түкпір-түкпірінен ғана емес, алыс аудандардан да келеді. Және бұл кездейсоқтық емес. Мұнда Челябінің және оңтүстік өңірлердің жеміс-жидек, көкөнісімен қатар және басқа да алыс шет елден жеткізілген авокадо, манго, папайяға дейін сатып алуға болады. Бастапқыда көтерме базарда шағын павильон болып ашылған дүкен қазір 300 шаршы метр аумағы бар, 15 адамды жұмыспен қамтып отырған ірі маркетке айналды.

Дүкен иесі Бекиров Элман көкөністер мен жемістер сату – үнемі назарда болуы керек кәсіп түрі екеніне сенімді. Егер процесті өзіңіз басқара алмасаңыз, онда іс бастамауыңыз керек, - деген ойдағы ол үнемі дүкенде өзі болады. Қызметкерлерге кеңес береді, бақылайды.

Эльман айналым қаражатын толықтыру қажет болғанда ForteBank АҚ арқылы жылына 14 пайызбен несие алды. Оның 8 пайызын «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша мемлекет субсидиялайды, қалған 6 пайызын кәсіпкердің өзі төлейді. Кепілдік жетіспейтін бөлігіне «Даму» қоры кепілдік берді. Несиенің арқасында компания сатылатын өнім көлемі мен түрін ұлғайтты.

«Жемістер мен көкөністер – адамның күнделікті дұрыс рационының бір бөлігі. Ірі супермаркеттердің бәсекелестігіне қарамастан, мұндай азық-түлік өнімдерін сату бизнесін табысты етуге болады», - дейді Эльман.

Қостанай, Складская, 2

Тел: +7 (777) 581 67 09

@m__apelsin