Қызылордалық кәсіпкер мемлекеттік бағдарлама аясында цехқа жабдық алды

Жаңалықтар
14.09.2021

Шатан Орынбасар Бақытбекұлы жеке кәсіпкер ретінде 2017 жылы тіркеліп, тігін цехын ашты. Қазір заманауи жабдықталған екі цехы бар. Біреуі Қызылорда қаласындағы өз үйінің аумағында, екіншісі Алматы қаласында орналасқан. 

IMG_9370.jpg

Негізінен халат, сүлгі, кеудеше, худи, футболка, қалпақ және басқа да тоқыма бұйымдарға кәсіби түрде кестелеп жазу, оның ішінде корпоративтік таңбалар, мектеп эмблемалары, шеврон, автомобиль логотиптерін де кестелеумен айналысады. 

3.png

Сонымен қатар матрац сияқты басқа да бұйымдар шығарады. Тауарды бүкіл Қазақстан бойынша жеткізіп беруді де жолға қойған. Тауарға тапсырыс әлеуметтік желі (Instagram, WhatsApp және т.б.) арқылы қабылданады. 

e21eb0b0-07d6-4d5d-b56e-524acfd7e588.jpg

Өндіріспен кәсіпкердің өзі айналысады және жұбайы да көмектеседі. Сондай-ақ жергілікті тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр.

4.png

Орынбасар Бақытбекұлы өндірістік мақсаттағы «Melco emt 16x» бір басты, 12 инелі кестелеу машинасының екі жиынтығын сатып алу қажеттігі туындаған кезде «ForteBank» АҚ-на несие үшін жүгінді. Қор қызметкерлерінің кеңесі мен көмегін алғаннан кейін, сол жылы қаржыға қол жеткізді. Жобаны «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Даму» Қоры қолдап, несие пайызын жылына 6%-ға дейін төмендетті.
IMG_9361.jpg

Кәсіпкердің айтуынша, дайын өнімге таңба басып шығарумен айналысатын өндірістер алдында промо, бренд өнімдерді өзі кестелеу немесе сыртқа тапсырыс беру деген таңдау тұр. О бастан-ақ кесте тігу машиналары тігін өндірісінде ғана болатын. Алайда нарық талаптары жарнама берушілерді жаңа, бейтаныс нарыққа шығуға да мәжбүр етті. Заманауи жабдықтар дайын өнімдердің барлық түрін басып шығаруға да, кестелеуге де мүмкіндік береді.

+7 775 317 60 56

@Vhalate.kz