Теориядан практикаға

Жаңалықтар
15.09.2021

Қазақстанның солтүстігінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында «Бескөл мектеп-колледжі» ЖШС мектеп оқушыларын, сонымен 9-11 сынып оқушыларын студент ретінде іріктеп алып «Машина жасау және металлургия. Машина жасау технологиясы» бойынша оқытады. Бұл білім беру мекемесінің басқалардан басты ерекшелігі – ең алдымен, түлектердің жұмысқа орналасуына кепілдік берілетіндігінде. Жоба «Радуга» ЖШС-мен әлеуметтік серіктестік және «Даму» қорының қолдауы арқасында жүзеге асты.

Бұл идеясын жүзеге асыру үшін «Бескөл мектеп-колледжі» ЖШС директоры Татьяна Мишкина «Даму» қорына жүгінді. Қор менеджерімен кеңескеннен кейін ол «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-на өтінім берді. Банк инвестициялық мақсаттағы несиені мақұлдады. «Даму» қоры «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында несие мөлшерлемесін 14%-дан 6%-ға дейін төмендетті. Несиені кепілдікпен толық қамтамасыз ету үшін несие сомасының 78,8%-ына кепілдік берді.

Несие қаражатына кәсіпкер оқу корпусын, интернат, асхана мен спорт залды жөндеді. Химия, физика, биология, робототехника кабинеттері қайта жарақталды. Спорт және кеңсе құралдары, компьютерлер, интерактив панельдер, оқулықтар алынып, асханаға жабдықталды.

«Бескөл мектеп-колледжі» ЖШС оқытудың дуаль жүйесін қолданады. Ол бойынша студенттер теорияны коледжде оқып, әлеуметтік серіктес – ЖШС «Радуга» кәсіпорнында тәжірибеден өтеді. Компания қайта өңделетін материалдарды өңдеумен, түйіршіктер шығарумен айналысады, пластмасса мен металлопластик бұйымдар, тұрмыстық химия, сабын, сондай-ақ дәмдеуіштер, таңғы ас жармалары, тез дайындалатын кеспе және тағы басқаларын шығарады. Мұндай оқыту жүйесімен жұмыс беруші кәсіпорынға қажет мамандар дайындауға мүдделі. Осылайша, студенттер өндірістік технологияларды зерттейді, жабдықтармен танысады, бәрін өз қолымен істеп, көреді және жұмысқа орналасқаннан кейін бейімделуге уақыт қажет болмайды.

СҚО, Қызылжар ауданы. Бескөл ауылы, Гагарин көшесі 12.

+7  715 382-13-05

+7 707 747-07-12

+7 705 226-98-68

beskolgym@yandex.kz

инстаграм: @beskol.sh.