«Zari» – Швейцариядағыдай демалыс

Жаңалықтар
16.09.2021

«Zari» шипажайы – бұл шипажай қызметтерінің кең түрін ұсынатын заманауи курорт кешені.

Ең бастысы мұнда келушілер толық тыныштықта, жайлы жағдайда Сарыағаштың жерасты минерал суымен емделіп, демалып кетеді.

Сарыағаш минералды бұлақтарының суы табиғи макро-микроэлементтерге өте бай. Мұндай ванналар: иммунитетті жақсартіп, шлактар мен токсиндерді кетіріп, жүйке жүйесін нығайтып, артық салмақты азайтуға көмектеседі. Сондай-ақ галотерапия, парафин терапия, фито баррель, дарсенваль, электрофорез, ішек суландыру, тубаж және т.б процедураларды алуға да мүмкіндік бар.

Шипажайда жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Олардың қатарында ультрадыбыспен зерттеуші дәрігер, терапевт, кардиолог, гастроэнтеролог, уролог, гинеколог, невропатолог та бар. Еуропа стандартымен жабдықталған жайлы бөлмелерде заманауи қондырғылар орнатылған.

2021 жылы «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында шипажай «Халық банкі» АҚ-нан инвестициялық мақсатқа жылына 14%-бен алған несиесінің 8%-ын «Даму» Қоры арқылы субсидиялады. Сондай-ақ жеткіліксіз болған кепілзат орнына Қор өз кепілдігін берді.

«Zari» шипажайы соңғы үлгідегі медицина технологиялары мен бағдарламаларды кеңінен енгізген, ең жаңа заманауи медициналық жабдықтарды тиімді қолдануда.

Мекенжай: Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Дархан ауылы, Қилыбаев көш., 4.

телефон: +7 778 553 23 14

Сайт: www.zarisanatorium.kz