Centre Esthetic мемлекеттің қолдауымен дамып келеді

Жаңалықтар
16.09.2021

4 қыркүйекте Көкшетауда «Centre Esthetic» медициналық орталығының филиалы ашылды. Көкшетау қаласы, Сабатаев көшесі, 120 мекенжайында орналасқан жаңа филиалда 4 гинекология кабинеті және УДЗ кабинеті жұмыс істейді, әр саланың жоғары санатты мамандары қабылдайды. Орталық заманауи жабдықталған.

Жобаны «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 17 млн теңгеге қаржыландырды. «Даму» Қоры несиенің мөлшерлемесін 14%-дан 6%-ға төмендетіп, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында қарызды субсидиялады. Несие үй-жайды жөндеуге және жабдықтар сатып алуға жұмсалды.

«Centre Esthetic» ЖШС алғашқы медициналық орталығын 2018 жылы, наурыз айында Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі бойындағы жалға алынған ғимаратта ашқан. 2019 жылдың күзінде кәсіпорын жеке меншікке үй-жай сатып алды. Бұл жолы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мен «Даму» Қоры «Көкшетау-бизнес» өңірлік қаржыландыру бағдарламасы және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдаған.

«Біз ашыла салғанда тек 4 маман ғана жұмыс істеді. Ал бүгінде 49 қызметкер бар. Орталығымызда стоматология (балалар мен ересектер), терапия, педиатрия, гинекология, ультрадыбыстық зерттеу, косметология (аппараттық және инвазивті) бойынша қызметтер ұсынамыз. Клиенттердің көптігіне байланысты біз екінші филиал ашып, онда тек гинекология бойынша қызмет көрсетуді көшірдік», - дейді «Centre Esthetic» ЖШС директоры Жантасова Әсел Нұрғазықызы.

Мекенжайы: Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі 38.

Телефоны: 8 771 666 6654, 8 7162 723398

Инстаграмдағы аккаунт: @centre.esthetic