Қостанай облысында мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындарға пресс-тур өтті

Жаңалықтар
15.09.2021

Қазақстанда кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау осы саланың дамуына тың серпін берді. Бұған «Даму» Қорының Қостанай облыстық филиалы ұйымдастырған пресс тур барысында өңірлік және республикалық БАҚ өкілдерінің де көзі жетті. 

2021 жылдың 8 айында Қостанай облысында жалпы несие сомасы 25,1 млрд теңгеге субсидиялау туралы 595 келісім жасалды. Оның ішінде:

  • «Бизнестің жол картасы 2025» (БЖК -2025) бағдарламасы бойынша – 20,4 млрд теңгеге 587 келісімшарт (оның ішінде 1-бағыт бойынша 2,3 млрд теңгеге 348 жоба);

  • «Қарапайым заттар экономикасы» (ҚЗЭ) бағдарламасы бойынша - 4,7 млрд теңгеге 8 келісімшарт. 

Ішінара кепілдіктердің де өсуі байқалады. 2021 жылдың 8 айында кәсіпкерлердің жалпы сомасы 10 миллиард теңге болатын 509 жобасы кепілдік алды. Оның ішінде:

  • БЖК-2025 мемлекеттік бағдарламасы аясында - несие сомасы 9,3 млрд теңге болатын 504 жоба. Кепілдік сомасы 4,6 млрд теңгені құрады (оның ішінде 1-бағыт бойынша несие сомасы 2,7 млрд теңге болатын 397 жоба. Кепілдік құны - 2,3 млрд теңге.);
  •  ҚЗЭ аясында – несие сомасы 1,1 млрд теңге болатын 5 жоба. Кепілдік құны 0,5 млрд теңге. 

Мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау алған облыс кәсіпорындарына пресс тур барысында журналистер түрлі қызмет салаларында бизнес-идеяларын жүзеге асырып жатқан 3 кәсіпорынға барды. Кәсіпорын басшылары өздері пайдаланған мемлекеттік бағдарламалар туралы айтып берді:

 «Первомайск ТПК» ЖШС

«Первомайск ТПК» ЖШС 25 жылдан бері Қазақстандағы консерв шығару нарығында көшбасшылардың бірі болып келеді. Ет комбинаты әлемдегі жетекші өндірушілердің заманауи және автоматтандырылған қондырғыларымен жабдықталған. Бұл – зауытқа тәулігіне 90 мыңнан астам, жылына 23 миллион банка консерв банкасындағы азық шығаруға мүмкіндік береді. Компанияның негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының тұрғындарын табиғи өнімдерден жасалған сапалы консервілермен қамтамасыз ету. Зауыттың барлық өнімі Қостанай облысында өсірілетін шикізаттан жасалады. Өндіріс қуатын арттыру мақсатында компания «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша балық консервілері өндірісіне қажет үй-жай мен жабдықтар сатып алуға «First Heartland Jysan Bank» АҚ-нан 104 миллион теңге несие алды.

Мекенжайы: Қостанай қ., Орджоникидзе көш. , 54

«Айгерім-Ай» ЖШС

Мекен-жайы: Қостанай қ., Введенская көш. , 39 үй. 

"Айгерим Ай" ЖШС -  300-ге жуық бала білім алатын білім беру мекемесі . Балабақшада екі жастан бастап балалар айналысатын "Ертегі" коммерциялық тобы да бар. Балабақшада робототехника, хореография, ағылшын және қазақ тілін үйрену сияқты үйірмелер бар, логопедпен сабақтар бар. 2019 жылы бастауыш мектеп ашылып, сол жылдың қыркүйегінде 42 бала - балабақша түлегі 1-сыныпқа барды. Мектепке арналған үй-жайды компания "Банк ЦентрКредит"АҚ несиесі есебінен қайта жабдықталды. Несие "Даму" Қорының қатысуымен "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша берілді.

 «Валиев Т. Г.» ЖК

200 шаршы метрлік Sport House атты Фитнес-клубты кәсіпкер Тобыл қаласында Талғатбек Валиев ашты. Әзірге бұл осы қаладағы жалғыз жаттығу залы. Соңғы кездері облыста спорттық нысандар жиі ашылуда. Бұл – кәсіпкерлердің тек өз кәсіпорындарын дамытып қана қоймай, әлеуметтік жобаларға да инвестиция салуға бет бұрғанын көрсетеді. Жоба аясында 6 адам жұмыспен қамтылды. Жоба «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша жүзеге асты. Яғни, кәсіпкер «Даму» қоры арқылы субсидия төлеудің арқасында несие жүктемесін азайта алды. Мысалы, Талғатбек спорттық құрал-жабдықтар сатып алуға «Жусан» банктен 14%-бен несие алды. Бірақ оның 6% ғана төлейді, айырмасын «Даму» қоры субсидиялайды. Талғатбекке «Даму» Қоры жетпейтін кепілзаттың орнын толтыруға кепілдік де берді.

Мекен-жайы: Тобыл қ.,Тәуелсіздік 62/1