«Дені саудың - жаны сау»

Жаңалықтар
17.09.2021

Денсаулық – адамға туа сала берілетін керемет сый. Жаратқанның бұл ғажап нығметі – денсаулықты сақтауға тырысып, өзіне қамқорлық жасау әр адамның міндеті. Қайта туу мүмкін еместігі сияқты, денсаулықтан айырылған адамға оны толық қалпына келтіру қиын, кейде мүмкін емес болатыны рас.

«Promedical2021» компаниясы биыл наурыз айында құрылды. Серіктестік ашқан медициналық орталықтың мақсаты – Алматы маңындағы Бесағаш ауылы мен жақын елді-мекен тұрғындарына сапалы медициналық диагностика, амбулатория, стационарлық көмек ұсыну. Мұнда ақылы қызметпен қатар мемлекет есебінен тегін қызмет те көрсетіледі. Компанияның медицина саласындағы қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензиясы, сондай-ақ фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға мемлекеттік лицензиясы бар.

Қазір медициналық орталықта терапевт, кардиолог, пульмонолог, педиатр, гинеколог, стоматолог, отоларинголог мамандар қабылдауға дайын. Массаж, УДЗ, КТ, рентген кабинеті мен емдеу бөлмесі бар. Бұл қызметтер тізімі халық сұранысын ескере отырып таңдалды.

«Біздің орталықтың айрықша ерекшелігі – бәсекелестерімізде жоқ бірқатар салалар бойынша медициналық қызмет көрсетуіміз және сапалы қызметті орташа нарықтық бағамен ұсынуымызда. Медициналық орталық жоғары білікті мамандар, соңғы үлгідегі заманауи қондырғылар, диагностика мен емдеу технологияларының арқасында өңір халқына сапалы медициналық қызмет көрсетуді мақсат етіп отыр», - дейді «Promedical2021» ЖШС директоры Есмұратов Нұрлан Бақытжанұлы.

2021 жылы компания «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы инвестиция үшін несие алды. Жобаны «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» қоры қолдап, 14,25%-дық мөлшерлеменің 8,25%-ын субсидиялады.

Компанияның ұраны - «Өз денсаулығыңызға уақыт табыңыз!»

Instagram: @Promedical.kz

Байланыс телефоны: +7 771 765 9535

Мекенжайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 45А.