«Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі апталығы» халықаралық өнеркәсіп көрмесі

Жаңалықтар
16.09.2021

Құрметті кәсіпкерлер!

22-24 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі апталығы» халықаралық өнеркәсіп көрмесі өтетінін хабарлаймыз.

Өңдеу өнеркәсібі апталығы - республиканың индустрия-инновациядағы даму, сауда-өнеркәсіп саласындағы байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ мемлекет пен бизнес-қоғамдастық өкілдері арасындағы тиімді диалог үшін жағдай жасауға жәрдемдесуге арналған Қазақстандағы басты индустриялық алаң.

Көрмеде өңдеу өнеркәсібі саласындағы жетекші кәсіпорындар өз өнімдері мен техноогияларын ұсынады. Іс-шараға мемлекеттік билік органдары, бизнес-қауымдастық өкілдері, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің ірі тұтынушылары қатысады.