Тараз қаласында «Адемай» атты жаңа бөбекжай ашылды

Жаңалықтар
17.09.2021

Тараз қаласында «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Адемай» бөбек-жайы ашылды. ЖШС-ны 2019 жылы Сыздықова Толқын Ордабекқызы тіркеген.

Кәсіпкерлік нысаны ретінде тіркелгеніне көп уақыт өтпегеніне қарамастан бөбекжай жұмысы жылдам жолға қойылды. Оған Толқын Ордабекқызының мектепке дейінгі балалар мекемелерінже 16 жылдық жұмыс өтілі сеп болды. Өз саласының шебері және жұмыс әдістерін жақсы білетін маман. Алдымен балабақша ғимаратын жалға алып, біраз уақыт байқап көрді. Шаруа оңынан жолға түскен соң меншік иесінен балабақша ғимаратын сатып алу жайлы ойға бекіді. Бұл кезде ғимарат сатуға қойылған еді.

Толқын Ордабекқызы «Даму» қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына жүгініп, толық кеңес алып, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы балабақша сатып алуға жылына 14,5%-бен несие алды. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Қор 8,5%-ын субсидиялады. Компания үшін сыйақының соңғы мөлшерлемесі жылына 6% құрайтын болды және Қордың кепілдігі ұсынылды.

«Адемай» бөбекжайы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Жұмыс тәртібі аптасына 5 күн, таңғы сағат 08:00 – ден кешкі сағат 19:00-ге дейін. Балабақшада 13 адам жұмыспен қамтылған. Толқын Ордабекқызының айтуынша «Даму» Қорымен бірге алға жылжу керек, 6%-бен несие алудан қорықпау керек.

Балабақшаның мекенжайы: Тараз қаласы, Көктем алабы, Н.Әбішев 2 тұйық көшесі, 18-үй.

Instagram: @yaslisad_ademai

Nелефон: +7747-898-91-91