Тау-кен, геология, геодезия және геофизика саласындағы кешенді технологияларға қолдау

Жаңалықтар
20.09.2021

Қарағандылық «Бизнес Инжиниринг» пен «Геомаркшейдер» тау-кен, геология, геодезия және геофизика салаларында кешенді технологиялар ұсынатын толыққанды инжинирингтік компаниялар тобы CRM технологиясын енгізуде және озық техниканы пайлануда тренд беріп қарқынды дамуда.

Қарағанды «политехының» түлегі Виталий Пучковтың 2009 жылы құрған «Бизнес Инжиниринг» компаниясы 2 адаммен тау-кен кәсіпорындарына маркшейдерлік қызмет көрсетуден іс бастаған. Бұл бағытты таңдауға өңірдегі дамыған тау-кен өнеркәсібі мен Виталийдің еліміздің жетекші тау-кен кәсіпорындарындағы тәжірибесі түрткі болды. Компания Қазақстанға бірінші болып ұсақ габаритті бұрғылау қондырғыларын жеткізді және енгізді, кейін оны бәсекелестер де белсенді түрде қолдана бастады. Компанияның қалыптасуы мен дамуының маңызды кезеңін 2013 жыл деп санауға болады. Осы жылы Санкт-Петербург қаласындағы «Геоскан» ЖШҚ компаниясымен серіктестік келісімге қол қойылып, «Бизнес Инжиниринг» ЖШС Қазақстандағы алғашқы ресми дилерге айналды. Және де осы жылы компания бірінші ұшқышсыз әуе кешенін сатып алып, Қазақстан нарығындағы сынақтар жүргізілді.

Ұшқышсыз әуе аппаратын қолдану қызмет көрсету мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. 2014 жылы арнайы техника мен құралдардың жекеменшік паркіне қызмет көрсету, сақтауға арналған кешені мен зертханасы бар үш қабатты офистің құрылысы басталды. Компанияның негізгі тапсырыс берушілері – жер қойнауын пайдаланушылар, жобалау ұйымдары мен құрылыс ұйымдары, агроөнеркәсіптік және экологиялық сектор, сондай-ақ экологиялық жобалар мен қалалық агломерацияларды жетілдіру бойынша мемлекеттік сектор. Еліміздің жетекші жобалау ұйымдарымен және ірі тау-кен кәсіпорындарымен тұрақты серіктестік қатынастар орнатылған.

Биыл компания инновациялық тау-кен жабдықтарын өндіру бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі Epiroc Boyles C5-тен барлау-бұрғылау қондырғысын алды. Құралдарды алу үшін KZI Bank АҚ арқылы 14%-бен қарыз алып, оны «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасының аясында «Даму» қоры субсидиялағанының арқасында 8%-ға түсіре алды. Нәтижесінде компания несиені 6%-бен төлейді.

Компания геологиялық барлау саласын белсенді дамытуды жоспарлап отыр, өйткені геологиялық барлау бүгінгі күні тау-кен секторындағы ең сұранысқа ие бағыттардың бірі.

Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Крылов көш., 100

Сайт https://792949.kz

+7 775 030 00 06 +7 775 030 00 07

+7 7172 69 64 79 - Нұр-Сұлтан

+7 727 312 29 49 - Алматы

+7 7212 94 02 78 - Қарағанды

+7 7142 52 40 35 - Қостанай