Атырау облысында жүк тасымалдау бойынша қызмет көрсету аясы кеңеюде

Жаңалықтар
20.09.2021

Атырау облысының кәсіпкері Асхат Енжилов өз қызметін 2014 жылы көлікте қызмет көрсету және өлшемсіз жүктерді тасымалдау саласында бастады.

Бизнесін кеңейту үшін «Енжилов» ЖК қосымша «Ozgul Trailer DAF Ottoman» маркалы екі тіркеме және Foton 670640-22 маркалы манипуляторы бар автокөлік сатып алуды ұйғарып, екінші деңгейлі банке өтініш берді.

Бизнесті кеңейту жобасын Атырау қаласындағы «Банк ЦентрКредит» АҚ мақұлдады. Қор «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 14%-дық несиенің 8%-ын субсидиялайды. Қалған 6%-ын компания төлейді. Сондай ақ «Даму» Қоры несие сомасының 50 пайызына кепіл болды.

«Теңіз мұнай-газ кен орнында үшінші буын зауыты мен мұнай-химия кешенінің құрылысы жобасына байланысты көлік қызметтеріне сұраныс жоғары. Сондай-ақ ірі габаритті жүк тасымалдауға да тапсырыс көп»,- дейді компания басшысы Асхат Енжилов.

Компания бірқатар серіктестермен, атап айтқанда «ТКС Мега» ЖШС -мен бірге қызмет етеді. Келешекте Батыс Қазақстан аймағы мен республиканың басқа аймақтарының жүк нарығына шығу жоспарлануда.

Мекенжайы: Атырау қаласы, Атырау ы/а 2, 36-көше, 29-үй.

Телефоны: +7 701 610 60 85

Эл.пошта: askhat90.09@gmail.com