Арболиттен тұрғызылған үй – армандағы баспана

Жаңалықтар
21.09.2021

Құрылыс индустриясы саласы қарқынды дамып келе жатқандықтан құрылыс материалдарын өндіру технологиялары да бір орында тұрмайды. Қазіргі күні үйді әдеттегі кірпіш немесе ағаштан ғана емес, сонымен қатар әртүрлі блоктардан да салуға болады. Олар көлемі, қасиеті және бағасына қарай ерекшеленеді. Ол блоктардың әр түрін әр салада пайдалануға болады. Қабырға блоктарының барлық түрлерінің ішінде соңғы кезде арболит блоктар танымал бола бастады. Арболит блоктары бетон мен ағаштың қосындысы, яғни ол ағаш жаңқалары мен цементтен жасалған. Бұл материалды жасау оңай және шығыны аз. Осы факторларды және Батыс Қазақстан облысында мұндай өндіріс жоқтығын ескере отырып, оралдық кәсіпкері Рамазанов Мирас Бауыржанұлы арболит блоктар шығаратын бизнес ашуға шешім қабылдады.

IMG_2901.jpg

2020 жылы кәсіпкер Бизнестің жол картасы 2025 бағдарламасы аясында инновациялық жобалар байқауында мемлекеттік грант ұтып алды. Қаражатқа ол тәулігіне 350 блокқа дейінгі арболит блоктарын шығаратын жаңа желі сатып алды. Неғұрлым тиімді жұмыс істеп, шикізат пен дайын өнімді тиеу мен түсіру үшін кран-манипулятор сатып алу қажет болған кезде банктен несие алмақ болды.

«Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында Мирас Бауыржанұлы «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы манипулятор сатып алуға 14%-бен несие алды. Оның 8%-ын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры субсидиялайды.

Dream House Construction Group компаниясы өз өнімдерін жеке тұлғаларға сатумен қатар ірі құрылыс компанияларымен серіктестік қарым- қатынасты жолға қойып, Батыс Қазақстан облысының және одан тыс жерлердегі құрылыс материалдары нарығын жаулауды жоспарлап отыр.

Мекенжайы: БҚО, Орал қ., Рыбокомбинат ауд., 1/2 үй

Телефоны: +7 747 985 10 90

Эл. пошта: dream.hcg@mail.ru

instagram: @dreamhack