«Даму» қоры Ақтөбедегі жұмсақ жиһаз шығаратын компанияға қолдау көрсетті

Жаңалықтар
21.09.2021

«ArtDivan» жиһаз фабрикасы 1999 жылы құрылған. Негізін қалаушы - Вагин Сергей Алексеевич. Кәсіпорын үйге, кеңсе мен қонақүй кешендеріне, кафе мен мейрамханаларға арнап жұмсақ жиһаз шығарумен айналысады. Өнімдері Қазақстан мен Ресей тұтынушылары арасында кеңінен танымал.

Өндірісті кеңейту мақсатында компания «Қазақстан халық банкі» АҚ Ақтөбе филиалы арқылы несие рәсімдеді. Несие қаражаттары айналым қаражатын толықтыруға және өндірісті ішінара жаңғыртуға жұмсалды. Жоба «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында қолдау алып, несие пайызы ішінара субсидияланып, Қордың кепілдігі берілді.

Барлық модельдер трансформацияның ең танымал механизмдерімен жабдықталған. Яғни, отыратын орыннан ұйықтайтын төсекке айналып шыға келетіндіктен қолданыста ыңғайлы. Жиһаз әлемдік жетекші өндірушілердің ең заманауи материалдарымен қапталады. Жасыратыны жоқ, жұмсақ жиһаз өндірушілер бір-бірімен ұдайы бәсекелесіп, әр тұтынушы үшін күреседі. Алайда «ArtDivan» жиһаз фабрикасымен иық теңестіру қиын. Жиһаз шығаратын компанияның бағасы қолайлы, сапасы жоғары.

Ақтөбе қаласы, Жүргенов көшесі, 177

+77770321022

Инстаграмм: @artdivan_aktobe