Сүйікті кәсібі – нәсібіне айналған дәрігер

Жаңалықтар
22.09.2021

Ақтөбе университетін бітірген Сұңғат Ерланұлы Қызылорда облыстық стоматологиялық емханасына жұмысқа орналасты. Мемлекеттік мекемеде біраз уақыт еңбек етіп, тәжірибе мен еңбегін бағалайтын клиент жинаған соң, дәрігер өз стоматология кабинетін ашып, жеке бизнеске кету жайлы ойлай бастады.

2020 жылдың қаңтарында осы идеяны жүзеге асыру үшін Сұңғат өз қаражатына қажетті жабдық сатып алып, ғимарат жалдап «Er-Manat» стоматология клиникасын ашты.

Сұңғат Ерланұлына тұрақты клиенттер уақытылы, сапалы қызмет пен қолжетімді бағаның арқасында тез жиналды. Сонымен қатар, клиникада тәжірибесі сол, клиенттер сенім білдіретін дәрігерлер жұмыс істейді. Бұл клиника жергілікті мамандарды қосымша жұмыс орынмен қамтамасыз етіп отыр. Клиникада: кариесті емдеу, тазарту, тіс жұлу, протездеу, тіс түзету (брекет) және т.б қызметтер көрсетіледі.         

2020 жылы Сұңғат Ерланұлы жұбайы екеуі екінші стоматологиялық клиникаға үй-жай тауып, оны сатып алуға және қосымша жабдық сатып алу бел буып, несие алу үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ- жүгінді. Көп ұзамай қаржыға қол жеткізді. Жобаны «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» Қоры қолдап, несиені жылына 6%-ға дейін арзандатып берді. Пайыздық мөлшерлеменің айырмасын мемлекет төлейді, сондай-ақ кепілзат жетпейтін бөлігіне Қор өз кепілдігін берді.

«Сау тіс – жақсы көңіл-күй мен өзіне деген сенімділіктің маңызды көрсеткіші. Стоматология бүгінде қарқынды дамып келеді. Біз өз қызметімізде пациенттерге стоматологиялық проблемаларды шешуде ең жақсы технологиялар ұсынуға тырысамыз. Тіс аман болу үшін тіс дәрігеріне жылына кемінде 2 рет бару керек», - дейді стоматолог кәсіпкер.

Кәсіпкердің байланыс телефоны: +7 707 565 32 31