Шоколад философиясы

Жаңалықтар
22.09.2021

Қазір шоколад – таңсық тағам емес. Келген адам ащы-тәтті, ақ-қара деп таңдап жүріп, таңдайына сала алады. Бірақ шоколад жәй ғана тәттінің бір түрі емес, көңіл-күйді көтеретін қасиетке ие ғажайып тағам. Көне ғасырларда ол сұйық күйінде құдайдың сусыны саналып, тек патшалар ғана қол жеткізе алатын. «AltynAi» шоколад шеберханасының негізін қалаушы Рысқұлова Алтынай Ғаббасқызы нағыз шебер ғана қолмен жасай алатын шоколадтың бар құпиясын айтып бере алады.

«Біріншіден, мен сауда қызметкерінің қызымын», - дейді Алтынай Ғаббасқызы. «Бізді бала кезімізде таң қалдыру қиын болды. Бір күні жаңа жылда анам бізге ақ шоколадтан жасалған қарағандылық кәмпиттердің үлкен қорабын сыйға тартты. Сол кезде мен біздің нарықта кейбір адамадар үшін қол жетпейтін өнімдер бар екенін түсіндім.»

Кәсіпкер Алтынай Ғаббасқызы есейіп, ес тоқтата келе қолдан жасалған кәмпит сегментіне назар аудара бастады. Кейінірек, Еуропаға саяхаты барысында осы идеяны жүзеге асыру туралы ой келді. Франция, Бельгия сияқты елдерде кондитерлік өнердің осы түрі жақсы дамыған және жұрт туыс-достарына сыйлық ретінде жиі ұсынады. Бұл сыйлыққа деген зор қызығушылыққа куә болып, әрі елдегі бұл салада бәсеке аз екенін байқап, шоколад өнімдерін жасау бизнесін ашу идеясы пайда болды.

Кәсіпкер шоколадпен жұмыс істеу бойынша түрлі мектептер мен курстарды іздестіре бастады. Бірақ бекер екен. Қазақстанда, бұл салада бәсекелес қана емес, тәлімгерлер де жоқ болып шықты. Бірде Мәскеуде әлемдегі ең танымал шоколадтардың бірі саналатын Chocolate Academy халықаралық шоколад академиясын тапты. Оған жету оңай шаруа болмай шықты. Әйгілі шоколадшының басшылығымен бірнеше кезеңнен өтті (кейінірек ол Нұр-Сұлтан қаласында кәсіпкер ұйымдастырған фестивальге құрметті қонақ болып келді).

Курстарды (негізгі 3 курс) аяқтап, бизне бастау үшін негіз қалап, жеке бизнес – «AltynAi» (бұрынғы – Gouden Truffle) шоколад шеберханасын ашуға шешім қабылдады. Бұған отбасы үлкен көмек көрсетті. Үлкен ұлы – шоколад жасау процесі мен технологиясын басқаратын керемет кондитер аспаз болса, ортаншы ұл – smm менеджер, маркетолог. Ал кенжесі барлық шаруада қолғанат болды.

«Бизнес ашу кезінде әр түрлі кедергілер болды. Саланың өзі – қолдан жасалған шоколад ісі біздің елде онша танымал емес. Алғашқы цехты 2017 жылдың наурыз айында аштық. Ол кезде нарыққа бейімделдік. Өткен жыл қалпына келтіру жылы болды. Мойындаймын, бұл оңай болған жоқ. Бірақ жақын адамдарыңыздың қолдауы және мақсатқа нақты көзқарас болған кезде, іс нәтижесін береді. Біз өзіміз рецептті әзірлеумен айналысудамыз. Қазақстанға Barry Callebaut (шоколадтың әлемдік нарығындағы көшбасшылардың бірі) өнімдерін жеткізушіміз. Айтпақшы, біздің рецептімізді сұрайтын ресейлік кондитерлер бар, мүмкін болашақта біз көрші елдердегі әріптестерімізбен ынтымақтық орнатармыз», – дейді Алтынай.

Кәсіпкер Рысқұлова Алтынай Габбасқызы «AltynAi» шоколад шеберханасын ашарда алдымен «Даму» Қорының қолдауына жүгінді.

2018 жылы Қор «Нұрбанк» АҚ-тың қаржыландыруымен «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша жылына 6%-дық жеңіл несие алуда қолдау көрсетті. Ол кезде «Даму» Қоры несие сомасының 85% мөлшерінде кепілдік берді.

2020 жылы кәсіпкер қолдау сұрап қайта келді. Соның нәтижесінде «Даму» Қоры жобаны «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы тағы да «Еңбек» бағдарламасы бойынша 6% мөлшеріндегі жеңіл несие және қарыз сомасының 70%-дық кепілдігімен қолдады.

Бүгінгі таңда кәсіпкер жобаны кеңейтуді – қызметкерлер санын көбейтуді жоспарлап отыр.

«Иә, Нұр-Сұлтанда да бізді көпшілік біледі. 2017 жылы шоколад жасау бойынша шеберлік сабағы өткен фестиваль ұйымдастырылды. Әлемдік білгірлерді әкелу үшін ауқымды фестивальдерді одан әрі өткізуді жоспарлап отырмыз және ол үшін демеушілер іздеудеміз. Біз өнімдеріміздің импорттан еш кем емес екенін көрсеткіміз келеді және олар танымал әлемдік брендтерге лайықты бәсекелес бола алады. Иә, күрделі жолмен келе жатқанымызды білемін, бірақ біздің өз артықшылықтарымыз бар: біз отандық нарықты, қазақстандық менталитетті білеміз және жеке кәсіпкерлер болғандықтан, бізге ешкім ықпал ете алмайды, нені және қалай жақсы жасау екенін өзіміз шешеміз», - дейді кәсіпкер.

Кәсіпкердің арманы – «AltynAI»-ді Қазақстанда ғана емес, шетелде де көшбасшы брендке айналдыру!

Instagram: @altynaichocolate

Телефоны: +7701-118-0176