«Даму» қорының қолдауымен «Hadia» атты жекеменшік балабақша ашылды

Жаңалықтар
23.09.2021

Раушан Лесбаева өз балабақшасын ашу идеясын көптен бері миында пісіріп жүрген. 2020 жылы ол «Даму» Қоры жүзеге асыратын «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы туралы естіді. Осы бағдарламаға қатысу «Hadiya» балабақшасының ашылу жолындағы алғашқы сәтті қадам болды. Бәсекелестердің көптігіне қарамастан, жобаның асығы алшысынан тұрды. 

Кәсіпкер нарықты зерттей келе, осы ауданда балабақша жетіспейтінін біліп, мемлекеттік бағдарлама көмегімен ашуға шешім қабылдады. Себебі, балабақшаларға сұраныс жылдан жылға артып келеді.  

2020 жылы осы идеясын жүзеге асыру үшін кәсіпкерге қаражат қажет болды. «Нұрбанк» АҚ Ақтау қаласындағы филиалы арқылы Раушан 15%-бен несие алды. Оның 9%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды. Кәсіпкерге тек 6%-ы ғана қалады. «Басымдық берілген жобаларды несиелеу механизмі» аясында несиені тек субсидиялап қана қоймай, банк талап еткен кепілдік жетпеген жеріне кепілдік те берілді.  

«Hadiya» балабақшасы 75 орынға есептелген. Кең әрі жарық ғимарат екі қабат, бірнеше блоктан тұрады. Мұнда 2 жастан 5 жасқа дейінгі аралықтағы балалар тәрбиеленеді. Балабақша тиісті жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін барлық жағдай жасалған. 21 адам жұмыспен қамтылды. 

Жаңа балабақшаның ашылуы ауданның кішкентау тұрғындарын мектепке дейінгі білім, тәрбиемен қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құруға да мүмкіндік берді. 

+7 (702) 822 22 46

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов ауылы, III-орам, №72 ж/т

Инстаграм: @hadiya__balabaqshasy