«BINOM School» және «Quantum STEM School» – жаңа буын мектептері

Жаңалықтар
23.09.2021

Соңғы кезде ірі шаһарларда бала саны көбеюіне байланысты мектепке оқушы сыймай жатқаны жайлы проблема жиі көтеріліп жүр. Әрине, бұл фактор елдің демографиясы үшін оң болғанмен, болашақта да мектеп жетіспеушілігі шиеленісе түсетінін көрсетеді. Мемлекет басшысы 2025 жылдың соңына дейін кем дегенде 1000 мектеп салу жайында тапсырма жүктегені де шаруаның өзектілігін көрсетсе керек.

Бұл проблеманы шешуде BI Group компаниясы да сәтті қадам жасады. Компания «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, елорда әкімдігінің (МЖӘ қағидаты), сондай-ақ «Қаржы орталығы» АҚ қолдауымен жаңа форматтағы BINOM School заманауи мектебін ашты.

BINOM School – бұл Қазақстанның орта білім беру жүйесіне заманауи әдістемелерді енгізудің мүлдем жаңа тәсілі. Аталған жоба аясында 2021-2022 жылдары елордада тағы 6 BINOM мектеп ашу жоспарланып отыр. Әрбір мектеп екі ауысымда 4 мың оқушыға есептелген. Ауданы 22 мың шаршы метрден астам. Коворкинг-аймақ, кинозал, химия, физика, биология және т. б. бойынша сабақтар өткізуге арналған кеңейтілген зертханалар қарастырылған, жеке дебат клубы бар. Сондай-ақ, бұл мектеп даму ерекшеліктері бар балаларды оқыту үшін қолайлы орта болмақ. Педагогтар Jumys Smart Nation интернет-платформасы арқылы еліміздің барлық өңірлерінен іріктеледі.

«Даму» Қоры BINOM School 4 нысаны құрылысын «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қолдады. Яғни, «Сбербанк»АҚ ЕБ арқылы белгіленген 15%-дық несиенің 9%-ын мемлекет субсидиялайды.

Сондай-ақ, 1 қыркүйек алдында 1000 оқушы сыятын Quantum STEM School жеке инновациялық мектеп те ашылды. Бұл – BI Group пен Lancaster Group-тың бірлескен жобасы. «РБК Банк» АҚ қаржыландырып, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша субсидия арқылы қолдау көрсетті. Сондай-ақ «Даму» Қоры кәсіпкер үшін банк алдында 500 млн теңгеге кепіл болды.

Оқу сингапур әдістемесі бойынша үш тілде жүреді. Мектепте математика, инженерия және басқа да ғылымдар (Integrated Engineering Program), спорттық бағдарламалау, авиамодельдеу пәндерін тереңдетіп оқыту көзделген. 30 оқытушының ғылыми дәрежесі бар, сыныпта 20-ға жуық оқушы болады.

Алдағы жылдары бүкіл ел бойынша 20 Quantum STEM мектебін салу жоспарлануда.

BINOM School

Сайт: www.binom.edu.kz

Instagram: @binom.school

Телефоны: +7 (705) 755-36-48

 

Quantum STEM School

Сайт: www.quantum.edu.kz

Instagram: @quantumstem

Телефоны: +7 (707) 199-34-39