+7 (800) 080 18 90

Жаңалықтар
11.01.2018

Мемлекеттік бағдарлама такси қызметін дамытуға ықпал етті

Көлік біздің өміріміздің бөлінбейтін бөлшегіне айналды. Жыл сайын дамып келе жатқан кәсіптің бірі - такси қызметі.

Сейсен Асхатты бизнетің дәміт енді татқан жас кәсіпкер деп айтуға келмейді. Ол 14 жыл бұрын автокөлік жөндеу орталығын ашқан.  

Кәсіпті дамытып отырмаса құлдырап кететіні бұрыннан белгілі. Сол себепті Асхат Сейсен 2012 жылы қосымша жолаушыларды тасымалдау қызметімен айналысуды қолға алды.

- Жоба үлкен қаражатты қажет етті. Сол себепті «Даму» Қорына келіп көмек сұрағанда жоба мақұлданып, 8,3 млн теңге (13 пайызбен, оның 7 пайызы субсидияланады) несие рәсімделді. Кепілзат жетпегесін, «Даму» қоры қосымша кепілдік берді. Ол қаражатқа 10 көлік сатып алдым, - дейді Асхат.

Жаңа бағыт  – «Адал» такси қызметінің жұмысы жаңа қарқынмен дамыды. Несиені ертерек жауып тастауға да мүмкіндік туды. Мемлекеттен алған несиені кәсіпкер бір жыл ішінде жауып үлгерді.  2014 жылы кәсібін кеңейткісі келіп «Даму» қорына тағы келген Асхат,  бұл жолы 19,8 млн теңге алды. «Даму» Қоры тарапынан 7 пайыздық субсидиялау және қосымша 9,9 млн теңгеге кепілдік берілді. Несиеге ол 14 автокөлік сатып алды.

Қазір 60 адам жұмыс істейтін «Эконом» атты толыққанды такси паркі бар.  Қазір офисті, диагностикалық жабдық жаңартылды, техникалық қызмет көрсету базасы толық жабдықталды.

Мұндай штатты ұстап отыру қиын. Бірақ, біз сапаға кепілдік береміз. Біз такси қызметінің жауапты іс екенін түсінеміз, жолаушылардың өміріне жауап береміз. Сондықтан күн сайын біздің қызметкерлеріміз медициналық тексеруден өтеді, рейске шыққан барлық машиналар жүрер алдында толық тексеріледі.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысып, 6 пайызбен 4,5 жылға 12,7 млн теңге алған болатынмын. Бұл қаражатқа 6 жаңа автокөлік алынды. Кақір мемлекет тарапынан кәсіпкерлік саласын дамытуға өте коп көңіл бөлуде, соны тек ғана мақсатты пайдалану керек дейді – Асхат.