+7 (800) 080 18 90

Жаңалықтар
11.01.2018

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында тағы бір жоба қолдау алды

Бүгін біз сіздерге ECO WASTE AKTAU ЖК басшысы Бралина Салтанат жайында әңгімелейміз. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында өз бизнесін жемісті қаржыландырып, «Қайта өңделетін шикізатты жинау және сату» бизнес-идеясын жүзеге асырды. Кәсіпорын қалдықтарды өңдеу және жоюмен айналысады. Яғни Ақтаудың тазалығына үлес қосады. Басты міндеті - қоршаған ортаны қорғау саласында әлеуметтік жобаны іске асыру арқылы халықтың әлеуметтік және экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру.
2017 жылдың қазан айында кәсіпкер «Даму» қорының Маңғыстау филиалынан кеңес алып, оған Қор қызметкерлері банкке қажетті құжаттарды жинауда көмек көрсетті. Сонымен қатар, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы да бизнес-жоспар жасауға өз үлесін қосты. Кәсіпкер үшін бұл қызметтер тегін болды. 2017 жылдың қараша айында кәсіпкер «БанкЦентрКредит» АҚ арқылы инвестициялық мақсатта, нақты айтқанда пресс пен жүк тиегіш сатып алу үшін, 5 жыл мерзімге несие рәсімдеді. Оған қоса несие сомасының 85%-ына «Даму» Қорының кепілдігін алды. Естеріңізге сала кетейік, бұл қаржыландыру салалық шектеусіз жылына 6%-бен және банктің ешқандай комиссиясынсыз беріледі.
Анықтама үшін:
Бір тоннаға жуық қалдық қағазды қайта пайдалану 17 ағашты, 20 000 литр су, 1000 кВт электр энергиясын үнемдейді және 1700 кг көмірқышқыл газының ауаға жайылуының алдын алады. Бір тонна өңделген ПЭТ бөтелкелері 7 шаршы метр полигонды үнемдейді. Қалдықтар өте ұзақ уақытта ыдырайды. Мысалы, қағаз бір жыл өткеннен кейін, темекі тұқылдары мен сүзгілері 12 жылдан кейін ғана жойылады, пластик пакеттер мен пластик ыдыстар бірнеше ондаған жылдар бойы шірімей жатады, алюминий ыдыс 200-ден 500 жылға дейін, шыны контейнерлер мыңдаған жылдарға дейін қоршаған ортаны ластап жата береді. Пенополистирол контейнерлер мәңгі сақталады.