+7 (800) 080 18 90

+7 (727) 244 83 25 (26,29)

11.01.2018

Алматы облысында 3 кәсіпкер «Халық банкі» арқылы жеңілдікті несие алды

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша желтоқсан айында «Халық Банкі» АҚ арқылы үш бірдей жеңілдікті несие берілді. Несие алушылар Инна Шленских, Асыл Алимбеков және Анер Актымбаев өз бизнесін дамыту үшін қаржы алды.

Шленских Инна ауылдық жерде дүкен ашқан. Біртіндеп саудасын дамыта келіп, Талдықорғанда да екі дүкен ашты. Несиені ол екі дүкеннің күрделі жөндеуіне жұмсады. Атап айтқанда электр қуатын толық жүргізу, пластик құбырларды, есіктерді, қабырғаларды ауыстыру, сондай-ақ заманауи бейнебақылау орнату мәселесін шешті.

Асыл Алимбеков - Текеліде белгілі тұлға. Ол бірден бірнеше бағытта жұмыс істейді. Ағаш ұстасы, дәнекерлеу, мәрмәр ұнын өндіру, кесіндіні өңдеу, кафель үшін клей, сылақ және тегістеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетеді. Несие кәсіпкердің жаңа жүк көлігін сатып алуына көмектесті.

Анер Ақтымбаев саудадағы қызметін жаңадан бастады. Несиені ол айналым қаражатын толықтыру үшін алды.
«Маған ісін жаңа бастаған кәсіпкер ретінде мемлекеттің қолдауы өте қажет болды. «Мирас» атты ЖК ашып, айналым қаражаты үшін несие алдым. Бұл маған болашаққа деген сенімімді арттыруға көмектесті. «Халық Банкі» мен «Даму» Қорына алғыс айтамын»,- деді Ақтымбаев Анер.

Жеке кәсіпкерлер «Халық Банкі»- арқылы жылына 6%-бен қаржы алды. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша қаржыландыруға салалық шектеу жоқ. Несиенің ең жоғары сомасы 18 миллион теңге, мерзімі ауыл шаруашылығы үшін 7 жылға дейін, қалған салаларға 5 жылға дейін. «Даму» қорында егжей-тегжейлі кеңестер беріледі және екінші деңгейлі банктер шешім қабылдағанға дейін жобаларын сүйемелдеу бойынша қызметтер тегін көрсетіледі. Анықтама телефондары: 8 (7282) 55-87-10.