info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Тараз қаласында «Асыл-Ай» ЖК киім өндірісі жобасы қолдау тапты

Жаңалықтар
29.03.2024

Садықова Алима Сәрсенқызы «Асыл-Ай» ЖК 2005 жылы тіркеген. Кәсіпкер жұмыс киімдер, балалар мен ересектерге арналған заманауи спорттық киімдер, әскери қызметшілерге арналған арнайы киімдер, сондай-ақ мемлекеттік және жеке тапсырыстар бойынша мектеп формаларын шығарумен айналысады.

Барлық киім жоғары сапа стандарттарына сай және Жамбыл облысында ғана емес, одан тыс жерлерде де қолжетімді бағамен сатылады.

Қазіргі уақытта кәсіпкер ерлер, әйелдер және балалар киімдерін онлайн сатуға сұраныстың артуына байланысты өндіріс көлемін ұлғайтуға ниетті. Осыған байланысты, «Асыл-Ай» ЖК тоқыма бұйымдарынан киім өндіру бағытын ұйымдастыру үшін материал мен фурнитура сатып алуды жоспарлады.

Өз идеясын жүзеге асыру үшін Әлима Садықова «Даму» Қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына жүгініп, толық кеңес алды, оның тарапынан айналым қаражатын толықтыруға несие алу үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ-ға өтінім берілді. Кредит субсидиялау құралдары бойынша «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында мақұлданды.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Бейбітшілік көшесі, 114 үй

Instagram: @Asyl_ai_brand

Тел. +7701-475-53-47