info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Ппенополиуретанмен қапталған құбырлар шығаратын компания қолдау алды

Жаңалықтар
15.04.2024

«Восток-котлы» ЖШС 2003 жылы Өскемен қаласында құрылды. Компания 5 жыл кепілдігі бар жоғары сапалы, пенополиуретанмен қапталған құбырлар өндіріп, құбыр төсеумен айналысады. Өндіріс материалдар ассортиментіның құрамында пенополиуретан мен пенополимерминералдан жасалған алдын ала оқшауланған құбырлар және қосалқы иілімдер мен компенсаторлар бар.

Алдын ала оқшауланған құбырлар:

- Жылумен жабдықтау жүйелері;

- Ыстық және суық сумен жабдықтау жүйелері;

- Мұнай және газ тасымалдау жүйелері;

- Салқындату жүйелері;

- Су және ағынды суларды тасымалдау жүйелері;

- Бу және конденсатты тасымалдау жүйелері;

- Геотермиялық жүйелер салаларында қолданылады

Алдын ала оқшауланған заманауи құбырлардың негізгі қасиеттері:

-       Пайдалану мерзімі 30-40 жылға дейін;

-       Құбыр салмағының төмендеуіне байланысты тасымалдау шығыны аз;

-       Құбыр иілгіштігі мен құбырға еңгізілген жылу оқшаулағыш материалдардың арқасында орнату процесі жеңіл.

Компания «ЦентрКредит Банк» АҚ арқылы айналым қаражатын толықтыруға «Даму-Өндіріс» бағдарламасы аясында 6%-дық жеңіл несие алды.

+7 707 513 66 78

ШҚО, Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 155

e-mail: vostokkotly@gmail.com