info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Сингапур жүйесі бойынша білім беретін мектеп

Жаңалықтар
16.04.2024

Түркістан қаласында Сингапур әдістеме жүйесі бойынша білім беретін ерекше мектеп ашылды. Негізін қалаған – Ишмуратов Зерек Сейітханұлы.

Оқудағы Сингапур әдісі – балалардың жаңа оқу материалын өздері игере алуына баса назар аударады. Ал мұғалімдер қызықты әдістердің көмегімен оқушыларды оқуға тартады.

Мектепке 1-4 сынып оқушылары қабылданады. Жалпы ауданы - 3600 ш. м. 450 бала сыяды. Шахмат, дойбы, би, домбыра, теннис, волейбол және т.б. тегін үйірмелер ұйымдастырылған. Математика мен ағылшын тілін тереңдетіп оқытады.

Мектептің оқу жүйесі толық күн және бастауыш сыныптар үшін ең маңызды 3 рет тегін тамақтану қарастырылған.

Қауіпсіздік қызметі, тасымалдау қызметі жұмыс істейді. Мектептің негізгі миссиясы – оқушыларға жайлы атмосфера құру арқылы оқыту.

«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында мектеп 2023 жылы «ForteBank» АҚ-мен мектеп құрылысына жылдық 19,5%-бен қаражат алды. Оның 13,5%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды.

Мектеп медициналық кабинетпен, кітапханамен, спорт және акт залымен жабдықталған. Мектеп мұғалімдері оқушыларға сыныптастарына, ата-аналарына құрмет көрсетуге ерекше көңіл бөледі.

Мекенжайы: Түркістан облысы, Түркістан қ., Сығанақ, №2 ғим.

Телефон: +7 707 284 76 73

Инстаграм: @zerekbala.school