info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Мастер-Сталь» ЖК кез келген күрделі металл бұйымдар жасайды

Жаңалықтар
17.04.2024

Жетісулық Киселев Виталий Михайлович 2011 жылы «Мастер-Сталь» компаниясын құрып, металл бұйымдар жасау цехын ашты.

Іс бастаған кезде кәсіпкер ауласында, брезент жаппа астында отырып темір дәнекерлейтін. Түскен пайданың бір бөлігін ассортиментті кеңейтіп, жұмыс сапасын жақсарту үшін жаңа құрал сатып алуға жұмсады. Шамамен бір жылдан кейін ол 30 м2 шатыр салды. Кәсіпкер әр тапсырысқа жауапкершілікпен қарайтындықтан, оның қызметіне де тапсырыс арта түсті. Клиенттерін жоғалтпау үшін ол шеберханасын 80 м2-ге дейін кеңейтті, тағы бір дәнекерлеуші мен бірнеше көмекші жалдады. Тапсырыстар саны мен көлемі бойынша өсе берді. Бұл жер де тарлық қылып, тағы кеңею қажет болды.

Осы кезде кәсіпкер жер телімін сатып алып, сол жерге барлық талаптарға сай келетін үлкен, ыңғайлы цех салу үшін «Банк Центр Кредиттен» несие алды. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры қарызын субсидиялап, кепілдік берді.

Үш жыл ішінде кәсіпкер өз командасымен бірге бояу камерасы бар жайлы да жылы дәнекерлеу цехын салды.

«Мен суық соғу машинасын, ұзақ жүктемелерге және жұмысқа қажетті басқа құралдарға төтеп беретін сапалы дәнекерлеу машиналарын сатып алдым. Қазір «Мастер-Сталь» ЖК Талдықорған қаласы бойынша металл бұйымдар мен элементтерін жасау ісі бойынша көшбасшылардың бірі болып саналады. Фирма Талдықорған қаласында ғана емес, Жетісу облысында да жақсы танымал. Өйткені тапсырыстарды барлық өңірлерден қабылдаймыз», - дейді Киселев Виталий Михайлович.

Instagram: @master_stail_rezerv

Телефон: +7 747 727 77 44

Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі 73/85