info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Grito – татып көруге тұрарлық тағам

Жаңалықтар
24.04.2024

Қостанай облысында тез дайындалатын кеспе өндірілетінін білесіз бе?

Ия, ия, біз бәріміз жақсы көретін, жылдам дайындалатын кеспелердің алуан түрі Рудный қаласынан шығады.

«ТД Аманат» ЖШС «Grito» сауда белгісімен тез дайындалатын кеспе, картоп езбесі, дайын лағман, фунчоза, сорпалар, жұмыртқадан кеспе, асқан еттің түр-түрін жылдам пісетіндей етіп шығарады. Бұл өнімді Рудный және Қостанай қалаларының барлық супермаркеттерінен, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңіріндегі сауда сөрелерінен табуға болады. Өнімдер ТМД елдеріне де экспортталады

2021 жылдан бастап компания «Банк ЦентрКредиттен» несие алып, «Даму» Қорынан пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде бірнеше рет қолдау алған.  Соның арқасында макарон өнімдерін өндіру цехына арналған ғимараттар мен жабдықтар сатып алды, айналым қаражатын толықтыру – тез дайындалатын кеспе/картопты дайындау және буып-түю үшін шикізат сатып алды.

«ТД Аманат» ЖШС қысқа мерзім ішінде ұн өңдеу және макарон өнімдерін өндіру цехын да іске қосты және өңірдегі жетекші компаниялардың біріне айналды. 

Grito өнімдері Қазақстанның солтүстік өңірлерінде өскен, астықтың сапалы сұрпынан өндіріледі. Өндіріс цехы заманауи жабдықтармен қамтылған. Барлық процестерді жоғары білікті қызметкерлер қатаң бақылайды. Ол жоғары сапаға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл қазақстандық және халықаралық көрмелерде бірнеше рет дәлелденді. Компанияның барлық шығарылатын өнімдерінің «Халал» сертификаты бар. 

Рудный қаласы, Октябрьдің 40 жылдығы көшесі, Промзон ауданы

Тел: +7 (71431) 2 62 51; +7 (71431) 2 62 55

Инстаграм: @grito_ramen_amanat

Сайт: grito.kz