info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

«Ақ құс» – 25 жылдық сапа белгісі

Жаңалықтар
30.04.2024

«Когер ЛТД» ЖШС – Жетісу облысындағы жетекші құс фабрикасы. Компания 1997 жылы құрылып, сол уақыттан бері «Ақ құс» сауда белгісімен инкубациямен жұмыртқа бастырып, тауық еті, тартылған тауық еті ет, жұмыртқа ұнтағын өндіріп келеді.

«Когер ЛТД» ЖШС елімізде өнімділігі жоғары тауық өсіретін асыл тұқымды шаруашылықты іске қосқан алғашқы компания. Өндірісте тауық бастыруға, сондай-ақ жем өндіруге Нидерланд, Германиядан алдырылған жабдықтар, өндіріс желілері пайдаланылады.

Қазір компания 1,4 млн мекиен сыятын 15 құс үйі және 551 жас тауық сятын 5 құс үйі бар. Жұмыртқаны жинау, таңбалау, сұрыптау және орау процесі толық автоматтанған. Құс өсірушілер жұмыртқаның қай торға салынғанын және оның қоймаға қашан түскенін біледі. Бүкіл технологиялық процесті цифрландыру жедел шешім қабылдауға, өндірісті жақсы басқаруға көмектеседі.

«Нұрбанк» арқылы инвестицияға несие алған «Когер ЛТД» ЖШС «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында қарызын субсидиялап, «Даму» Қорының кепілдін де алды.

Компанияның жоғары сапалы өнімдері жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік береді. Қазір жылына 400 миллионнан астам жұмыртқа шығарылып жатыр. Өнімдер бүкіл Қазақстан бойынша, сондай-ақ Орталық Азия елдерінде, Ауғанстанда сатылады.

Жетісу облысы, Үштөбе тас жолы, 130

Телефон: +7 (7282) 40-40-18

www.kogerltd.all.biz