+7 (800) 080 18 90

Жаңалықтар
13.02.2018

Астанада бизнес жоба ӨҮК қараусыз мақұлданды

Жақында ғана мемлекеттік қолдауды мақсат тұтқан ең ірі жобалардың бірі - «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына өзгеріс енді. Атап айтқанда, қазір субсидия түрінде мемлекеттік қолдау алу үшін кәсіпкерлердің 180 млн теңгеге дейінгі жобаларын Өңірлік үйлестіру кеңесі емес, «Даму» Қоры қарайды.

Астанадағы осы жаңартылған процесті алғашқы болып «Жасылтас» ЖШС  қолданды. Жоба «Даму» қоры тарапынан субсидия алу үшін бұрынғыдай 5 күн емес, 4 күн ішінде мақұлданды.

-       «Шынында, Қор арқылы бұл процедура жылдам жасалды. Компанияның мемлекет тарапынан бірінші рет қолдау  алып отырған жоқ, компанияның несиелік жүктемесі айтарлықтай төмендеді. Біз Халық банкімен ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келе жатырмыз. Сондықтан біздің өтінішімізді қарау ұзаққа созылған жоқ», - дейді компания өкілі Елена Астафьева.

«Жасылтас» компаниясы - Астанадағы «А» сынып логистикалық орталығының иесі және операторы. Терминал - астаналық аймақтағы теміржол және жүк тасымалдарын тарататын маңызды инфрақұрылым нысаны.

Қазақстандық нарықта «Жасылтас» ЖШС 1994 жылдан бері жұмыс істеп келеді және осы уақыт ішінде жоғары сапалы қызметтерді көрсете отырып, іскерлік беделге ие болды.

Бүгін компанияда 400-ден астам адам еңбек етеді.

Егер сіздің компанияңыздың дамуына несиелік қаражат керек болса, сіз біздің КҚКО-мен хабарласуыңызға болады, менеджерлер сізге бағдарламаны таңдап, қараудың шарттары мен тәртібі туралы әңгімелейді және құжаттар жинауға көмектесіп, серіктес-банкке жібереді. КҚКО-дағы барлық қызметтер мен консультациялар тегін. Астанадағы мекен-жайымыз: Қажымұқан көш., 8А, 1 қабат, 559199 телефоны.