info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Алматы облысында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында тағы бір жоба қолдау алды

Жаңалықтар
13.02.2018

Жеке кәсіпкер Григорий Смурыгин кәсіп ашқанына көп уақыт бола қойған жоқ. Құрылыс саласында тәжірибесі мол Григорий 2016 жылы құрылыс-монтаждау саласында іс бастамақ болды. Бизнесінің аяққа тұрып кетуіне мемлекеттік сатып алу көп көмектесті. Онда маңызды және үлкен тендерлерге қатыса отырып қанатынқатайтқан кәсіпкер кейіннен арнайы техникаларды өзі сатып ала бастады. Бүгінде  Григорий «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында экскаватор сатып алды. Ол құрылыс нарығында қызмет көрсетуде мол мүмкіндік береді.

-      «Бұрын менде тек үш түрлі арнайы техника болды. Жұмысты толық орындау үшін техниканы жалға алуға тура келетін. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында тамаша экскаватор алдым. Ол маған бұдан былай толық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді», - деді Григорий Смурыгин.

Жеке кәсіпкер жылына 6%-бен «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы экскаватор сатып алды. Енді Григорий көптеген мемлекеттік сатып алу шарттары талабына сай келеді және тек Алматы облысы ғана емес бүкіл республика бойынша қызмет көрсете алады.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарлама бойынша қаржыландыруда салалық шектеулер жоқ, несиенің ең жоғары сомасы 18 миллион теңге, мерзімі - ауыл шаруашылығы үшін 7 жылға дейін, қалған салада 5 жылға дейін. «Даму» қорында егжей-тегжейлі кеңес беріледі және екінші деңгейлі банктер шешім қабылдағанға дейін жобаларын сүйемелдеу бойынша қызмет тегін көрсетіледі. Анықтама телефондары: 8 (7282) 55-87-10.