+7 (800) 080 18 90

Жаңалықтар
11.03.2018

Жүк тасымалдау қызметі Ақтөбе облысында кең тараған кәсіптің бірі деп айтуға болады

Жүк тасымалдау қызметі Ақтөбе облысында кең тараған кәсіптің бірі деп айтуға болады. Себебі, Ақтөбе аймағынан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» секілді ірі автомобильдік тас жолдары өтіп жатыр. Өзімізде жоқ, халықтың сұранысына ие тауарды шет елден импорттау, біздің тауарларымызды шет елге экспорттау арқылы нәпақасын тауып, соның арқасында көркейуімізге еңбек сіңіріп жүрген компаниялардың бірі «Алтын Медикал» ЖШС.

Компания басшысы Мария Изимованың айтуынша табыс көзі автокөлік болғаннан кейін, заман талабына сай техникаларды жаңалап отырған дұрыс. Өйткені тез жеткізу тасымал тауарының сапасы да көлікке байланысты.

«Алтын Медикал» ЖШС 2017 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 ж.ж» арналған бағдарламасы шеңберінде қатысушы «Сбербанк» АҚ арқылы 18,0 млн теңге несиені жылдық 6% рәсімдеді. Алған қаражатқа жүк тасымалдаушы автокөлік сатып алды. Сонымен қатар қосымша кепілдік ретінде «Даму» Қорынан 13,0 млн көлемінде Кепілдік алған болатын.