+7 (800) 080 18 90

Жаңалықтар
11.03.2018

Батыс Қазақстанда кәсіпкер өз ісің бастады

«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында қолдау алған кәсіпкерлермен таныстыру дәстүрін жалғастыра отырып, біз cізді жеке кәсіпкер Ященко Елена Викторовнаның тарихымен бөліскіміз келеді. Кәсіпкер А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтында «Бейнелеу өнері» мамандығы бойынша оқып, кейін өнер мектебінде оқытушылық қызметпен айналысады. Содан кейін қызмет саласын өзгерту туралы шешім қабылдап, 3-D моделдеу және Aptech веб-дизайн курстарына қатысып, «Винтаж» - дизайн компаниясында жұмыс істейді. Жұмыс барысында мол тәжірибе жинап, Елена Викторовна жеке бизнеспен айналысу туралы ойды ұйғарды.

 Кәсіпкер бұрын жалға алып жүрген кеңсені «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы 6%-бен жеңілдетілген несиесін пайдаланып сатып алды. Несие кепілзаты ретінде ұсынылған - сатып алынатын кеңсенің кепіл құны жетіспеу мәселесі «Даму» қорының кепілдігі арқылы шешілді.

Бүгінгі таңда кәсіпкер өзінің жеке меншігіндегі кеңсесінде, кеңседен айрылып қалу және де жалға алу құнының өсіп кетуі қаупінсіз өз қызметтерін көрсетуде.

«Шын жүректен «Даму» қорына алғысымды білдіремін, cіздер менің арманымды жүзеге асырдыныздар! Сіздер маған сенім артып, өз күштеріңіз бен уақыттарыңызды аямай, несие алу процессінде мені қолдап келдіңіздер. Енді мен болашақта алға қойған жоспарларымды жүзеге асыратыныма сенімдімін. «Даму» қоры ұжымындағы шынайылық пен мейірімділік ешқашан жоғалтпауыңызды тілеймін» – деп алғыс айтты, Елена Викторовна.