В Актобе разъяснили о государственных программах

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
13.03.2018

Ақтобеде бизнесті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру ісшарасын өткізді

2018 жылдың 13 наурызында сағат 11.00 де «Даму» Қоры мен Ақтөбе облыстық Кәсіпкерлік Басқармасы бірігіп, «Айна» Сауда үйінің сауда алаңдарын жалдаушыларына арнап, бизнесті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру ісшарасын өткізді. Сонымен қатар ісшараға мемлекеттік кірістер және табиғи монополияларды реттеу департаменттерінің өкілдері қатысты. «Даму» Қорының маманы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы», кәсіпті жаңадан бастаушыларға берілетін 85% дейін, әрекеттегі кәсіпкерлерге 50% дейін берілетін Кепілдіктер талаптарын, «Даму Оптима» кепілдік бағдарламасын және Кәсіпкерлікке қызметтер көрсету орталығының жобаларды Екінші деңгейлі банкілерге жетелеу қызметін пайдалану жолдарын түсіндірді. Бұдан былай осындай ісшаралар Ақтөбе қаласының барлық сауда үйлерінде алдын-ала бекітілген кесте бойынша өткізілетін болады. Сауда уйлерінде өткізілетін кездесулер кестесі жөніндегі ақпаратты келесі байланыс телефондары арқылы анықтауыңызға болады: 8 71 32 70 38 06.