info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша жарнама агенттігі қолдау алды

Жаңалықтар
27.03.2018

Сыртқы жарнаманы басып шығару, орнату, басып шығарғаннан кейін өндеу, жарықты жарнаманы орнату және үй-жайларда жарнама орнату сияқты қызмет көрсететін Павлодарлық «Рекламист» компаниясы жергілікті нарықта толық циклды компаниялардың бірі саналады. «Рекламист» ЖШС жарнамалық компания ретінде 2002 жылы құрылды. Бүгінде серіктестік жарнама нарығында өз орнын ойып тұрып алған, тұрақты компанияға айналды. Ұжым шағын монтаждау-тобынан жарнамалық агенттігіне дейін көтерілген. Жақында ғана компания «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша несие алуға өтінім беріп, банк оң шешім шығарды. Автомұнара сатып алуға деген 14 млн теңге несиені «Нұрбанк» АҚ берді. Компанияның басшысы Прозоров Алексей Валентинович бұл бағдарлама туралы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан біліпті. Алексейді әсіресе бизнесі бар кәсіпкерлерге Қордың беретін 50%-ға дейін кепілдігі мен 6%-дық төмен мөлшерлемесі қызықтырыпты. Алексей Валентинович енді компаниясының жаңа құрал-жабдықтармен дамудың жаңа деңгейіне шыға алатынына сенімді.