+7 (800) 080 18 90

Жаңалықтар
16.04.2018

Қызылордада «Еңбек» бағдарламасы аясында стартап жоба іске қосылды

2018 жыл Қызылорда облысы «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» болып жарияланды. Осы орайда шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіру бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда. Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған Жамаділов Амангелді Серікбайұлы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына бизнес-жоспар жасау және жеңілдікпен несие алу туралы кеңес алу үшін жүгінді. Жамаділов Амангелді жеке кәсіпкер болып 2017 жылы тіркелген, ендігі мақсаты жүк тасымалдау саласында кәсіп ашу және соны дамыту еді. Қазір бұл сала ел ішінде үлкен сұранысқа ие.

Ойын жүзеге асыру үшін Жамаділов Амангелді Серікбайұлы КАМАЗ-6511 автокөлігін алып, қала тұрғындары мен кәсіпорындарына, құрылыс компанияларына және басқа да мекемелерге қызмет көрсетуді жоспарлап отыр.

Осылайша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы» аясында Қызылордада алғаш рет «РИЦ» ЖШС ҚҰ арқылы несие мақұлданып, іс бастаушы кәсіпкер ретінде «Даму» қорының 85% кепілдемесі берілді.

«Даму» қорының 5 100 000 теңге көлемінде кепілдігін ала отырып, ЖК «Кәсіп» 2018 жылы «РИЦ» ЖШС МҚҰ арқылы жалпы сомасы 6 000 000 теңгені құрайтын жылдық мөлшерлемесі 6%-дық несиеге қол жеткізді.