+7 (800) 080 18 90

Жаңалықтар
16.05.2018

Астанада жаңа әдісті қолданып, онкологиялық ауруларды емдеу жобасы

Қазақстанда онкологиялық аурулардан көз жұматындар саны екінші орында тұр. Жыл сайын шамамен 17 мың адам онкологиялық аурулардан қайтыс болады, олардың 40 пайызы еңбекке қабілетті жандар.

Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан Ұлттық скрининг бағдарламасы қатерлі ісіктерді ерте анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, халықаралық тәжірибе ерте диагноз қойылған рак ауруларының радикалды емі мен 5 жылдық өмір сүруін жоғарылату (80% дейін) тек томотерапияны қоса алғанда, жоғары технологиялық емдеу әдістерін қолданумен ғана мүмкін екенін көрсетеді.

Астанада «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде «Томотерапия кешені және ядролық медицина» ЖШС жобасы қолдауға ие болды. «Даму» қоры осы жобаны жүзеге асыру үшін несие мөлшерлемесін субсидиялады.

Бұл орталықта рак ауруларын емдеу томатерапия әдісімен жүргізіледі.

Томотерапия - бір құрылғыда желілік үдеткіш пен компьютерлік томографияны біріктіруге негізделген онкологиялық ауруларды емдеуге арналған сәулелік терапияның заманауи, бірегей әдісі.

«Үміт» томотерапия және ядролық медицина кешені - өз саласы бойынша жалғыз және бүгінгі күні теңдесіз болып отыр.

Томотерапия әдісінің арқасында болашақта барлық рак ауруларын емдеуде үлкен жетістікке қол жеткізуге болады. Тіпті бүгінгі күні радиожиілікті медициналық техниканың немесе хирургияның көмегімен, мысалы, жұлын және ми ісіктері, шырышты қабықшалы ісік, барлық негізгі рак ауруларын жою қиынға соғып келді. Денені жайлаған метастатикалық қатерлі ісіктерді бұған дейін бірнеше кезеңмен сәуле арқылы емдейтін. Жаңа орталықта томотерапия техникасын пайдалану арқасында, бір сәулелік сессияда жақсы нәтижегеқол жеткізуге болады. Бұл жалпы ісік ісік ауруларын емдеу ұзақтығына әсер етеді.

Томотерапия және ядролық медицинаның «Уміт» атты жаңа аурухана кешені қазірдің өзінде елорданың оң жақ жағалауында, Абылайхан даңғылы бойында салынып жатыр. Орталық Tomo Therapy жаңа терапевтік жүйесімен жабдықталады. Орталық мамандары жаңа әдіспен жұмыс істеуге үйрену үшін шет елде білім жетілдіріп келеді. Көп ұзамай қатерлі ісікке шалдыққандар қысқа мерзімде, нәтижелі ем ала алады.