+7 (800) 080 18 90

Жаңалықтар
14.06.2018

Петропавлда металл өнімдерін шығаратын кәсіпорын мемлекеттен қолдау алды

«Strong Service» ағылшын тілінен аударғанда - «Күшті Сервис» деген мағына береді. Компания «Даму» қоры арқылы «Бизнестің жол картасы 2020» және «Даму – аймақтар ІІІ» бағдарламалары аясында мемлекеттен қолдау алған.

«Strong Service» ЖШС 2011 жылдан бері металл өнімдерін шығарумен айналысады. Кәсіпорын осы уақыт ішінде нарық сұранысына сай және өндірістік қор арқасында кәсіпорында өрт дабыл қаққыштарын құрастыру, корпустық жиһаз жасаудан бастап, қазір металл өнімдерін өндіру жолына өтті. Қазір компания негізінен көше спорт тренажерларын, балаларға арналған ойын алаңдары, футбол алаңдарына арналған қоршаулар мен шарбақтар, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арбалар мен санитарлық креслолар, орындықтар, стеллаждар және тағы да басқа өнімдерді шығарады. 2015 жылдан бастап «Strong Service» ЖШС жеңілдетілген қаржыландыру арқылы«Даму» қорының бизнеске мемлекеттік көмек бағдарламасы аясында кәсіпті үнемі жетілдіріп, автоматизациялаудың арқасында, өндірілетін тауарлар саны мен тауар түрлерінің артуына жағдай жасады,

2017 жылдың қыркүйегінде кәсіпорынға «Альфа банк»АҚарқылы 15,0 млн теңгені құрайтын кезекті жеңілдетілген несие «Даму» қорының кепілдігінің арқасында берілді. Кепілдік соммасы 6,0 млн теңгені құрады, бұл кәсіпорын үшін пайызды мөлшерлеме, «Бизнестің жол картасы 2020» қатысушыларымен бірдей 7% құрады. Қалған 7% банкке мемлекет қаржыландырады. Несие қаражатына «Strong Service» ЖШС өндірістің жұмысын жеңілдететін және шығарылатын тауар сапасын арттыру мақсатында көптеген автоматтандырылған жону-бұрама кескіш білдектері, бұрғылайтын, қайрайтын және басқа да білдектер алынды, Қытай елінде өндірілген. Одан басқа кәсіпорын «Даму» қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан жеңілдетірілген қаржыландыру жобасын қолдау аясында кеңес ала алады.

Кәсіпорынның аумағы 1100 кв.м. асатын меншікті өндірістік базасы бар, ол бірнеше өндірістік цехтан құралған. Металл өнімдеріне тұрақты түрде Солтүстік Қазақстан және көрші Ақмола облыстарының жеке кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелері тапсырыс береді. Кәсіпорын осы жерден тоқтап қалмақ емес, жоспарда жаңа заманауи құрылғылармен жұмыс орындарын жабдықтау, метал өнімдерін өндіруді жетілдіру көзделініп отыр.