+7 (800) 080 18 90

Жаңалықтар
14.06.2018

Қарағанда облысында конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ. Орналасқан жері: Қарағанды қ., Әлиханов к.-сі, 13 үй; пошталық мекенжайы: 100008, Қарағанды қ., Әлиханова к.-сі, 13 үй; электрондық пошта мекенжайы: mb2@krg.gov.kz ;байланыс телефоны 8/7212/42-50-69; Конкурс нысанасы: «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру. Конкурс нысаны: ашық конкурс. Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер: 1. Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ – : Қарағанды қ., Әлиханов к.-сі, 13 үй; пошталық мекенжайы: 100008, Қарағанды қ., Әлиханова к.-сі, 13 үй; электрондық пошта мекенжайы: mb2@krg.gov.kz ;байланыс телефоны 8/7212/42-50-69; Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама топтамасын береді.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2018 ж. «14» маусымынан бастап 2018 ж. «28» маусым аралығында, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақытпен) Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2018 ж. «14» маусым сағат 09.00 (жергілікті уақытпен) Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2018 ж. «28» маусым сағат 13.00 (жергілікті уақытпен) Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.dkb2020.kz сайтында танысуға болады.