info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Бахмутова Елена Леонидовна

Структура Фонда
Бахмутова Елена Леонидовна

Бахмутова Елена Леонидовна

Директорлар Кеңесіне сайланған күні: 2018 жылғы 19 қыркүйек

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

1962 жылы туған

Тәуелсіз директор

БІЛІМІ:

1983 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

  • Алматысельстрой № 7 тресінің КСМК-1 аға инженері (1983-1984);
  • Қазақ КСР Мемжоспар жанындағы Жоспарлау және нормативтер ғылыми-зерттеу экономикалық институтының экономисі (09.1984-09.1989);
  • Қазақ КСР әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің аға экономисі (09.1989-02.1991);
  • «Елім-Ай» киношаруашылық бірлестігінің экономисі (02.1991-05.1992);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әлеуметтік сала бойынша департаменті жетекші экономисті, бас экономисті, бөлім бастығы, бастығының орынбасары. Бюджет департаменті директорының орынбасары (05.1992-12.1998);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджет департаментінің директоры (12.1998-04.2001);
  • Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі (04.2001-09.2002);
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қаржылық қадағалау департаментінің директоры (09.2002-01.2004);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары (01.2004-23.01.2008);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрайымы (23.01.2008-04.2011, агенттіктің таратылуына байланысты);
  • «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары (01.2012-01.2016)
  • «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрайымы (11.2016-08.2018);
  • Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрайымы (24.08.2018 ж. бастап)

БАСҚА ДА ЛАУАЗЫМДАРЫ:

  • «БЖЗ» ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2001-2002);
  • KASE Биржалық кеңесінің құрамына бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу органының өкілі (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 9 қарашадағы № 337 бұйрығы);
  • «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (14.02.2013-14.02.2014);
  • «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің (ДК) төрайымы (08.2013-08.2018)

ОРДЕН, МЕДАЛЬ МАРАПАТТАРЫ:

  • Ордендер: «Құрмет» (2006), «Парасат» (2014)
  • Медальдар: «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалі (02.07.2008)
  • Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің құрмет грамотасы (2002)