Экономика простых вещей

Экономика простых вещей
Бағдарлама аясында жеке үлес керек пе?

Қаржы лизингі бойынша ЖКС лизинг нысанасы құнының кемінде 20%-ы мөлшерінде өз қаражатын құяды.


Бұл бағдарламаға қандай жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады?

Участниками программы являются субъекты частного предпринимательства (малый, средний и крупный бизнес). Бағдарламаға жеке кәсіпкерлік субъектілері (шағын, орта және ірі бизнес) қатыса алады.


«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында субсидия қарастырылған ба?

Субсидия бар. Бағдарлама аясында несие бойынша пайыздық мөлшерлеме 15%-дан аспайды, Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша субсидиялар мөлшері 10%-ды құрайды, Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша және өңдеуші өнеркәсіп пен қызметтер бойынша субсидиялар мөлшері 9% ды құрайды.


Қолда бар қарызымды қайта қаржыландыра аламыз ба?

Бағдарлама аясында басқа банктен алған қарызды қайта қаржыландыруға, сондай-ақ үлес сатып алуға жол берілмейді.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша кепілдіктер неше күн қаралады?
Кепілдіктерді 25 жұмыс күні ішінде қаралады. Жобаны пысықтауға (хат арқылы) қайтарған кезде мерзімдер жаңартылады
Қарыздың максимал сомасы қандай?

Бағдарлама аясында несие сомасы шектелмеген.

Несиені қандай мақсатта ала аламын?

Субсидиялар 100% инвестицияны көздейтін жобаларға беріледі, сондай-ақ қарыз алушының бір жобасы аясында айналым қаражатының мөлшері несие сомасының 50%-ынан аспайтын жағдайда айналым қаражатын толықтыруға арналған несиені де субсидиялауға жол беріледі. Бұл шектеу банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылатын Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жобаларды, сондай-ақ несиені қаржыландыру көзіне қарамастан, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға жүрмейді. Бұл ретте, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобалар 1 жылдан аспайтын мерзімге қаржыландырылады.


Субсидияны қанша жылға ала аламын?

Егер сіз инвестиция үшін несие алсаңыз, онда субсидиялау мерзімі 10 жылға дейін болады. Егер айналым қаражатын толықтыру мақсатында алынған болса (ол бойынша айналым қаражатының мөлшері қарыз алушының бір жобасы аясында несие сомасының 50%-ынан аспайтын айналым қаражатын толықтыруға арналған несиені субсидиялауға жол беріледі), онда бұл жағдайда субсидиялау мерзімі 3 жылға дейін болады.


Егер қарыз валютасы теңгелей болмаса, мен субсидия ала аламын ба?
Субсидиялар теңгелей алынған жобалар бойынша ғана беріледі.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында кепілдіктер беріле ме?

Қарыз алушының бір жобасы аясындағы кепілдік мөлшері несие /қаржы лизингі сомасының 50%-ын қоса алғанда 1 млрд теңгеден аспайды.