Другое

Другое
Базалық мөлшерлеме деген не?

Базалық мөлшерлеме – ақша нарығындағы номинал банкаралық пайыздық мөлшерлемелерді реттеуге мүмкіндік беретін Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының негізгі құралы. Базалық мөлшерлеменің деңгейін белгілей отырып, Ұлттық Банк орта мерзімді кезеңде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі мақсатқа қол жеткізу үшін ақша нарығының таргеттелетін (нысаналы) банкаралық қысқа мерзімді мөлшерлемесінің нысаналы мәнін айқындайды.

Иджара деген?
Иджара — дәстүрлі лизингтің исламдағы аналогы, оған сәйкес Банк мүлікті сатып алады және клиентпен лизинг шартын жасайды. Лизинг мерзімі ішінде Банк мүліктің иесі болып табылады және оны иеленуге байланысты барлық тәуекелдерді көтереді.
Мурабаха деген не?
Мурабаха — сатушы сатылатын тауарларға жұмсалған шығындарды тікелей көрсететін және оларды сатып алушыға алдын-ала белгілі бастапқы құнға үстеме бағамен басқа адамға (сатып алушыға) сататын сауда келісімі.
Неге банктер көп құжат сұрайды?

Қор банктердің несие саясатына әмір жүргізе алмайды, өйткені қарыз бойынша дефолт болған жағдайда тәуекелдер банктің мойнына түседі. Қордың Банктің ішкі саясатына араласуға құқығы жоқ.


ЖК/ЖШС қалай ашуға болады?

Сіз жеке кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы немесе адвокат ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті онлайн немесе мемлекеттік органнан ала аласыз. Бұл бетте http://egov.kz/cms/ru Сіз қызметті қалай алуға болатыны туралы бейнероликті көре аласыз.


Неге Қордың барлық бағдарламаларына кепілдік керек?

Кепіл – қарыз алушыға тиесілі және несие қайтарылатынының кепілі болып тұратын құнды мүлік. Банк үшін кепілмен берілетін несие – несиенің неғұрлым қауіпсіз түрлерінің бірі болып саналады. Қарыз алушыға тиесілі пәтер, саяжай, кеңсе, өндірістік үй-жай, автомобиль, бағалы қағаздар немесе банк салымы несие алуда кепілге жарайды. Несие алу үшін кепіл ретінде рәсімделетін мүліктің өтімділігі жоғары болуы маңызды. Егер банктің кепіл саясаты аудандарда, ауылдық елді мекендерде орналасқан кепілді кепіл ретінде қарауға мүмкіндік берсе, онда бұл жағдайда клиенттің барлық тәуекелдерін бағалап және төлем қабілеттілігін мұқият тексергеннен кейін банк жылжымайтын мүлік кепілімен несие беру туралы түпкілікті шешім шығарады. Несие және оны қайтару бойынша барлық тәуекел-ауыртпалықты ЕДБ/МҚҰ/ЛК көтереді, сондықтан несиелер ЕДБ/МҚҰ/ЛК кепілдік саясатына сәйкес беріледі.


Лизинг дегеніміз не?

Лизинг – жалдау мен несиенің қоспасы. Сіз бизнес үшін белгілі бір тауарды (мысалы, автокөлікті немесе техниканы) ұзақ мерзімді жалға лизингке ала аласыз, бірақ осы процесті жүзеге асыру үшін сізге техниканы лизингке беретін компанияны табу қажет. Өз кезегінде, Лизингтік компания лизинг берудегі өзінің пайдасын қарастырады, ал компанияның пайдасы пайызбен көрсетіледі, бірақ сіз сатып алынған лизингтің пайызына жеңілдік ала аласыз. Қолдаудың бұл түрі келесідей жұмыс істейді: Лизингтік компанияға тиесілі пайыздардың бір бөлігін «Даму» қорының субсидиялары жабады. Сұрақтар туындаған жағдайда 1408 қысқа нөмірі бойынша Call-орталыққа жүгіну қажет (қоңырау шалу тегін).


Сублизинг, қайтарымды лизинг және қайталама лизинг дегеніміз не?

Сублизинг – субжалдау. Қарапайым сөзбен айтқанда, ол объектіні қаржылық жалға оның иесінің емес, лизинг алушының қайта беруі ретінде сипатталады. Қайтарымды лизинг – лизинг алушы лизинг мүлкін сатушы болып табылатын лизинг мәмілесінің бір түрі. Жеке немесе заңды тұлға өз активтерін Лизингтік компанияға сатады, сонымен бірге осы компаниямен сатылған мүлікті жалға алу туралы келісім жасайды. Қайталама лизинг-лизинг шарты тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда лизинг берушінің меншігінде қалған лизинг нысанасы басқа лизинг алушыға лизингке берілетін лизинг түрі.


Қордың барлық бағдарламалары неге кепілдікті талап етеді?
Кепіл – бұл қарыз алушыға тиесілі және несие қайтарылатынының кепілі болатын құнды мүлік. Банк үшін кепілмен берілетін несие – несиенің неғұрлым қауіпсіз түрлерінің бірі болып саналады. Қарыз алушыға тиесілі пәтер, саяжай, кеңсе, өндірістік үй-жай, автомобиль, бағалы қағаздар немесе банк депозиті несие алу үшін кепіл ретінде жарайды. Несиеге кепіл ретінде рәсімделетін мүліктің өтімділігі жоғары болуы маңызды. Несие бойынша бар тәуекел банктің мойнында, сондықтан кепіл сұрау саясаты банкке тиесілі. Егер банктің кепіл саясаты бойынша аудандарда, ауылдық елді мекендерде орналасқан мүлікті кепіл ретінде қарауға мүмкіндік берсе, онда бұл жағдайда клиенттің барлық тәуекелдерін бағалап және төлем қабілеттілігін мұқият тексергеннен кейін банк жылжымайтын мүлікті кепілге алып, несие беру туралы түпкілікті шешім шығарады.
Неліктен Қор тікелей несие бермейді?
Қазір «Даму» Қоры ШОКС-ты тікелей қаржыландырмайды. Өйткені ШОКС-қа арналған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бөлінетін қаражат көлемі едәуір. «Даму» Қорының мұндай бағдарламаларды өз бетінше іске асыруға мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты осы мақсаттарға Екінші деңгейдегі банктер және өзге де қаржы ұйымдары тартылады. «Даму» Қоры бұл схемада мемлекет пен ШОКС арасындағы байланыстырушы буын ретінде мемлекет қаражатының игерілуін бақылауды жүзеге асыратын орган. Сондай-ақ, «Даму» Қоры ШОКС кепілдендіру және субсидиялау, сондай-ақ кеңес беру, оқыту түрінде ШОКС басқа да қолдау көрсетеді.
Бірден бірнеше мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға бола ма?
«БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерге барлық құралдар аясында кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін