Кредитование

Кредитование
Несие беру үшін жас шектеулері бар ма?

Әр банктің Жас шектеуі бойынша өз талаптары бар. Осыған байланысты сіз толық ақпарат алу үшін несие алғыңыз келетін банкке жүгінуіңіз керек.


Егер мен облыста/ауылдық жерде тұрып, бизнесімді жүзеге асырсам, кәсібімді дамытуға несие ала аламын ба?

Қордың бағдарламалары аясында жобаны іске асыру орны бойынша шектеу жоқ, Тек: Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы ғана кірмейді (қалалар мен моноқалалардағы жобалар қаржыландырылады) және кейбір Нақты өңірлік бағдарламалар (Қор қызметкерлерінен ақпаратты нақтылау қажет) қосылмайды.

Неліктен МҚҰ бойынша берілетін қаржының пайыздық мөлшерлемесі басқа бағдарламаларға қарағанда жоғары?

МҚҰ операциялық шығыстары шамамен 15% - ды құрайды және бұл ЕДБ-ге қарағанда ақшаны жылдам алу мүмкіндігін ұсынады. Осыған байланысты МҚҰ-дағы пайыздық мөлшерлеме ЕДБ-ге қарағанда жоғары.


Өңдеу өнеркәсібіндегі ШОБ бағдарламаларының 1,2,3 транш айырмашылығы неде?

Бағдарлама аясында несие беру мақсаты мен басымдық тізбесі бойынша айырмалар бар. Өңдеу өнеркәсібіндегі ШОБ бағдарламасы бойынша 1-транш бойынша несиені келесі мақсаттарға алуға болады: қолда бар қарыздарды инвестициялау және қайта қаржыландыру. Өңдеу өнеркәсібіндегі ШОБ бағдарламасы бойынша 2 транш – инвестициялау және айналым қаражатын толықтыру, сондай-ақ несие өңдеу өнеркәсібіне қызмет көрсетуге жататын қызмет көрсету салаларының тізбесіне беріледі. Өңдеу өнеркәсібіндегі ШОБ бағдарламасы бойынша 3 транш несиесі инвестициялау, айналым қаражатын толықтыру және қолда бар қарыздарды қайта қаржыландыру мақсаттарына ала аласыз.


Несие бола тұра тағы несие алуға бола ма?

Болады. Ол Бағдарлама шарттары мен талаптарына байланысты. Сондай-ақ ЕДБ/МҚҰ/ЛК несие саясатына да байланысты. Бұл ретте: «Мемлекеттік несие бюросы» АҚ/ «Бірінші несие бюросы» ЖШС деректеріне сәйкес қаржыландыруға өтінім берген күні Екінші деңгейдегі Банк/ Лизингтік компания/ микроқаржы ұйымы / банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйым алдында мерзімі өткен несиелік берешегі (қаржылық міндеттемелері) бар кәсіпкер қарыз ала алмайды.


Несие алу кезінде жасырын комиссиялар бар ма?

Банктер қандай да бір комиссияларды, алымдарды және / немесе өзге де төлемдер алмайды, тек:

1. кәсіпкердің бастамасымен несие шартын өзгерткенде

2. кәсіпкер несие шартын бұзған жағдайда

3. кепіл затына тәуелсіз бағалау жүргізіліп, кепіл шартын тіркеу және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

4. есеп-касса қызмет бойынша төлемдерді қоспағанда.


Нақты өңірлік бағдарлама деген не?

Әрбір өңір үшін облыс әкімдіктерінің қолдауымен бағдарламалар жасалған, онда әрбір ниет білдірген кәсіпкердің төмен пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен серіктес банктерден несие алу мүмкіндігі бар. Бұл ретте кәсіпкердің жобасы бағдарламаның шарттарына және ЕДБ талаптарына сәйкес келуі тиіс.


Несиенің мақсаты деген не?

ЕДБ/МҚҰ/ЛК қарыздары белгілі бір мақсаттарға беріледі, кәсіпкерлер үшін несиенің негізгі мақсаты – айналым қаражатын толықтыру немесе инвестициялар болып келеді. Жобаға байланысты мақсаттар нақтыланады, яғни белгілі бір тауарды/өнімді сатып алу, қызметтерді төлеу және т.б. көрсетілуі мүмкін. Несиелік қаражат көрсетілген мақсаттарға ғана жұмсалуы керек. Бұл несиенің мақсатты мақсаты.


«Еңбек» бағдарламасы бойынша несиелеу қашан басталады?

Қордың «Еңбек» бағдарламасы бойынша ЕДБ мен МҚҰ-ға салған қаражаты бүгінгі күні толық игеріліп бітті. Дегенмен, қаржыландыру револьверлік негізде жүргізіледі. Яғни, қарыздарды өтеуден түскен ақша қайтадан жаңа несиелерге беріледі. Сіз уақытша босаған қаражатты несие ретінде ала аласыз.

Сонымен қатар сіз басқа да балама бағдарламаларды пайдалана аласыз. Онда пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы республикалық/жергілікті бюджеттерден осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін қосымша қаражат бөлінгеннен кейін «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие бойынша пайыздық мөлшерлемені жылына 6% - ға дейін төмендетуге болады.


«Даму-Оптима» бағдарламасы бойынша кепілдік алу үшін салалық шектеулер бар ма?

Бағдарлама аясында қаржылық және сақтандыру қызметінен басқа кез келген қызмет түріне кепілдік беріледі.