Жиі қойылатын сұрақтар

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

Неге мен қаражатты қолма-қол жарата алмаймын?

Сіз «Даму-Оптима» бағдарламасы бойынша қаражатты тек қолма қол емес түрде жарата аласыз. Яғни, мемлекет бөлген қаражатты тек аударым арқылы ғана игере аласыз.

Мойнымда несие болса тағы да несие алуыма кедергі бола ма?

Егер кірісіңіз жеткілікті болып, ай сайынғы төлемді жаба алсаңыз – несие алуға кедергі жоқ.

Курстан өткенін растайтын сертификатты алу үшін курсқа қатысуым міндетті ме?

Қашықтан оқыту әдісін де қолдануыңызға болады. Бұл жағдайда edu.damu.kz сайтына тіркеліп, оқуыңызға болады.

Несиенің мақсатты түрде жұмсалғанын қалай растай аламын?

Несиенің тиісті мақсатта жұмсалғанын растау үшін сізге бірқатар құжаттар керек. Атап айтқанда: тауарды сатып алғаныңызды растайтын төлем құжаттары (Келісім шарттар/Шарттар, төлем тапсырмасы, ақша аударымға өтінім, кассалық/тауарлық чектер,төлем шоты, Сатып алу-сату шарты т.б пр.); тауарды алғанын растайтын құжаттар (шот/фактура,Өткізу-қабылдап алу актісі, Іске қосу актісі, тауарды кәсіпорынның балансына енгізгенін растайтын құжаттар және т.б.

Кепілзатты кім бағалайды?

Кепілзаттың құнын бағалауды тәуелсіз бағалаушы компаниялар жүзеге асырады. Сондай-ақ біздің Қордың әріптес компаниялары да бар. Сіздің жобаңызды сүйемелдейтін кеңесшіден алған жеңілдік картаңыз болса олар бағасын арзандатып қызмет көрсетеді.

Ресми түрде жұмыс істейтін азаматтар қосымша бизнеспен айналысып, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасына» қатыса алады ма?

Жоқ. «Еңбек» бағдарламасының талаптары бойынша жеңілдікті несиеге жұмыссыздар, тіпті жұмыспен қамту орталықтарында тіркеуде болмаса да, кәсіпкерлікке икемі бар өзін-өзі асыраушылар және микронесие беру жөніндегі шарт бойынша микронесие алушылар болып табылатын ауылшаруашылық кооперативтері мен олардың мүшелері ғана қол жеткізе алады.

«Еңбек» бағдарламасы аясында алған несиеге пәтер сатып алып, кейіннен оның мақсатын коммерциялық жылжымайтын мүлік етіп өзгертуге бола ма?

Тұрғын жай сатып алу, салу, жер телімдерін сатып алуға (пайдалану мақсаты кәсіпкерлікпен байланысты емес) рұқсат етілмейді. Тек микронесие беру жөнінде шарт жасасқан уақыттан бастап 1 жыл ішінде пайдалану мақсатын бизнес жасау үшін өзгерткен жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Кепілзат жетіспеген жағдайда «Даму» қоры ұсынатын кепілдіктің мөлшері қандай?

Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін «Даму» Қоры несие сомасының 85%-ына, бизнесі бар кәсіпкерлер үшін несие сомасының 50%-ына дейін кепілдік беріледі.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасына» қатысуға жасқа шек қойыла ма?

Иә. 18 жастан бастап, ҚР заңымен бекітілген зейнеткерлік жасқа дейін рұқсат етілген.

Несие үшін кепілзат қажет пе? Аз көлемде ақша алатын болған жағдайда да кепіл қою керек пе?

Қандай жағдайда да несиенің бір бөлігіне кепілдік қою керек болады.

Несиеге қол жеткізу қаншалықты мүмкін?

Барлығы банктің қарауына байланысты. Егер банктің барлық талаптарына сай келетін болсаңыз несиеге қол жеткізу қиын емес.

Банктер жеңілдікті мерзім бере ме?

Ия, банк жеңілдікті мерзім қарастырады. Бірақ әр клиенттің жайын жеке зерттеп, дара шешім шығарады.

Басқа адамның кепілдігі жарай ма?

Ия, үшінші тұлға да кепілдік бере алады. Тек банктің кепілдік туралы саясатына қайшы келмесе болғаны.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы» бойынша алған несиені қолма қол жаратуға бола ма?

Болады. Тек банкпен келісу керек

«Нәтижеліжұмыспенқамтужәнежаппайкәсіпкерліктідамытудың 2017 – 2021 жылдарғаарналған «Еңбек» бағдарламасы» бойынша несие алған соң жарты немесе бір жылдан соң қарызды түгел төлеп тастауға бола ма? Қаншалықты комиссия ұсталады?

Бұл бағдарлама бойынша ерте төлеп тастауға шектеу қойылмайды. Әрине, сіз жарты немесе бір жылдан соң төлеп құтыла аласыз. Бұл үшін комиссия ұсталмайды.

Бизнес жоспарды қайдан алсам болады? 

Мемлекеттік бағдарламаларға қатысатын кәсіпкелерге бизнес жоспарды тегін жасаумен кәсіпкерлер палатасының мамандары айналысады. Олар «Даму» Қорының ғимаратында отырады.

Несиеге берген өтінім қанша уақыт қаралады?           

Өтінім қарастыру уақыты екінші деңгейлі банктерге байланысты. «Даму» қоры банк саясатына араласпайды.

Кепілдік деген не?

Несие алу үшін кәсіпкердің кепілзаты жетіспеген жағдайда «Даму» қоры кәсіпкер үшін кепілдік ұсынады (кепілзат ретінде).

«Даму» Қорының атқаратын қызметі қандай?

Қор «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасы аясында  қаржылық қолдауға мониторинг жүргізіп, бағдарламаларды жүзеге асыратын қаржылық агент ролін атқарады (кәсіпкерлердің несиесі бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кәсіпкерлердің несиелері үшін банкке кепілдік болу)

Өз кәсібімді ашқым келеді. Неден бастасам болады?

«Қандай іспен айналысқыңыз келеді?» (Жаныңызға жақын кәсіп қандай?

Егер: «Әлі білмеймін, бір шешімге келген жоқпын», - десеңіз, atameken.kz  сайтына кіріп,«шағын бизнеске арналған 100 идея» деп іздеп көріңіз. Мұнда кең тараған, күрделі бизнес түрлерінің сипаттамасы, қаржылық есептері көрсетілген.

Субсидияға қалай қол жеткізуге болады?

Алдымен қай жерде екенін анықтап алу керек. Егер кәсібіңіз қалада болса – бизнес  түрі экономиканың басымдық берілген салалары тізіміне кіруі керек. Ал бизнес аудандық жерде болса салалық шектеу жоқ. Яғни заңмен тиым салынбаған барлық салаға субсидия ала аласыз

Кепілдендіру деген не?

10 млн теңге сомасында несие алу үшін міндетті түрде кепілдік керек.  Егер сіздің мүлкіңізді бағалаудан кейін несие алу үшін кепілзат жеткіліксіз деп танылса, Қор жоба құнының 50%-ына кепілдік береді.

Мысалы сіздің жобаңызды тәуелсіз компания 10 млн теңгеге бағалады. Алайда банк кепілдікке тек 5 млнтеңге деп қана шешім шығарады. Осы кезде Қор қалған 5 млн теңгеге кепіл болады да, сіз 10 млн теңге ала аласыз. Егер сіз ісін жаңа бастаған кәсіпкер болсаңыз Қор несие құнының 85%-ына кепілдік береді. Бұны қалай түсінуге болады? Егер сіздің жобаңызды жүзеге асыруға 10 млнтеңге керек болса – банкке кепіл ретінде 1,5 млнтеңгелік мүлік қана ұсынасыз. Ал қалған 8,5 млнтеңгеге Қор кепілдік береді.

Қалада сауда жасаумен айналасатын кәсіпкерге «Даму» Қоры қандай қаржылық  қолдау көрсете алады?

Айналым қаражатын толықтыру мақсатында кез келген кәсіпкер Банкке несие алу үшін өтінім бере алады. Алайда сұраған сомасына қол жеткізе бермейді. Себебі  кепілзат жеткіліксіз болып жатады. Осындай жағдайларды ескере келе, Қор «Даму-Оптима» бағдарламасы аясында кепілдік береді. Соның арқасында сіз несиеңізді алып, айналым қаражатын толықтырып, саудаңызды арттыра аласыз.

«Даму-Оптима» кепілдігін алған кәсіпкерді қандай шығындар күтіп тұр?

Кәсіпкер кепілдік шартына қол қойған күннін кешіктірмей Қорға берілген кепілдік құнының 2,5%-ынқұрайтынбір реттік комиссия төлейді.

Кепілдік шартының мерзімі біткенге дейін кәсіпкер жыл сайын кепілдіктің қалған сомасының 2,5%-ынҚорға комиссиия ретінде төлеп отырады.

Кәсіпкер кепілдік шартының мерзіміне арналған жыл сайынғы комиссияны Қорға бір мезетте төлеп тастай да алады.

Банк Қордың кәсіпкерге салған кез келген айыппұл және/немесе комиссияларын кәсіпкер үшін Қорға жыл сайын немесе бір мезетте төлеп беруге қақысы бар.

Даму – Оптиманың кепілдігін алу үшін қандай әрекет керек?

- Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына хабарласу, несие алу үшін екінші деңгейлі банк таңдау, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мамандарының көмегімен құжат жинау,

- Құжаттарды банкке тапсыру.

«Нәтижеліжұмыспенқамтужәнежаппайкәсіпкерліктідамытудың 2017 – 2021 жылдарғаарналған «Еңбек» бағдарламасы» бойынша несие алу үшін қандай курстан өту керек, кім өтуі керек?

Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер несие/микро несиені «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқытатын курсты тамамдап, бизнес-жобаларын сәтті қорғаған соң немесе Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыған жағдайда, немесе басқа бағдарламалар аясында, несие/микронесиеге өтінім берер алдында соңғы 24 айдың ішінде курстан өткенін растайтын сертификаты болған жағдайда ала-алады. 

«Нәтижеліжұмыспенқамтужәнежаппайкәсіпкерліктідамытудың 2017 – 2021 жылдарғаарналған «Еңбек» бағдарламасы»бойынша  несие алған жағдайда тағы қандай қосымша қолдаулар бар?

Кәсіпкер «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында кепілдік ала алады.

1) Ісін жаңа бастаған кәсіпкер несиенің 85%-на дейін, яғни 8 000 АЕК;

2) Бизнесі бар кәсіпкер несиенің 50%-на дейін, яғни  8 000 АЕК.

«Нәтижеліжұмыспенқамтужәнежаппайкәсіпкерліктідамытудың 2017 – 2021 жылдарғаарналған «Еңбек» бағдарламасы»мен мемлекеттің басқа бағдарламаларында қандай айырмашылық бар?

Қаржы барлық салаға беріледі (сауда саласындағыларға айналым қаражатын толықтырудан басқасы),

- Жылдық мөлшерлеме 6%,

- Қатысушылар:

1) Жұмыссыздар (Жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан);

2) Кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін өзі асыраушылар;

3) Ісін жаңа бастаған және бизнесі бар кәсіпкер;

4) ауылшаруашылық кооперативі мен оның мүшелері;

5) шаруа және фермерлік қожалықтар;

6) «ҚазақстанРеспубликасындазейнетақыменқамсыздандырутуралы» ҚазақстанРеспубликасыЗаңының 11-бабындабелгіленген, зейнет жасына жетпеген, несие алуға өтініш бергенге дейін шағын кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде микро кәсіпкер ретінде тіркелген, жұмыстан қысқарып қалған қызметкер.