«Даму» қорымен серіктестік»

Партнеры Фонда

Шолу

«Даму» қоры - бұл микро, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жетекші қазақстандық институты (МШОК). Қордың миссиясы - жан-жақты және тиімді қолдау құралдарын енгізу арқылы МШОК тұрақты дамуында белсенді рөл атқару. Мемлекеттік қомақты қолдау Қорға шағын және орта бизнесті дамыту бойынша табысты іс-шаралар өткізуге мүмкіндік береді
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бас кеңсесі елдің қаржылық және мәдени орталығы - Алматы қаласында орналасқан. Қордың Қазақстанда 16 филиалы мен 2 өкілдігі бар.
Қазақстан Орталық Азия аймағында Ресей мен Қытай арасында орналасқан. Еуразия континентінің орталығындағы Қазақстанның континенталды жағдайы оның мәдени және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерінде көрінеді. Елде қазақ және орыс тілдері қолданылады, ал қазақ тілі - мемлекеттік тіл болып табылады.
Ел халқының саны 2020 жылдың қыркүйегінде 18,7 миллионға жетті. Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша, Қазақстанның жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) алты есеге өсті, ал ел жиырма жылға жетер-жетпес уақытта табысы ортадан төмен категориядан орта деңгейден жоғары категорияға көтерілді.

Қазақстандағы МШОК анықтамасы

Микро, шағын және орта кәсіпорындардың мәртебесі жұмысшылардың орташа санымен және орташа жылдық табыстарымен анықталады.
  • микрокәсіпорындар: қызметкерлерінің орташа жылдық саны 15 адамнан немесе орташа жылдық кірісі 30 000 АЕК-тен аспайтын жеке кәсіпкерлік субъектілері.
  • шағын кәсіпорындар: қызметкерлерінің орташа жылдық саны 100 адамнан, тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап белгіленген орташа жылдық кірісі 300 000 АЕК-тен аспайтын жеке кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар.
  • орта кәсіпорындар: жұмыскерлердің орташа жылдық саны 101-ден 250 адамға дейін; және (немесе) орташа жылдық кірісі 300 000 АЕК-тен асатын, бірақ 3 000 000 АЕК-тен аспайтын жеке кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар.

Тұрақты даму


«Даму» Қоры тұрақты даму мақсаттарына жетуге бағытталған шаралар қабылдайды. «Даму» Қорының орнықты даму саясаты халықаралық тәжірибеге сәйкес әзірленген және әлеуметтік, экономикалық және экологиялық прогресті жақсарту шараларын қарастырады.



Қазақстанда әйелдер жалпы халықтың 51% және жұмыспен қамтылған халықтың 49% құрайды. ЖІӨ-дегі әйелдер кәсіпкерлігінің үлесі 39% құрайды.
2019 жылы БҰҰ-Әйелдер штаб-пәтері «Даму» Қорының Әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттарын қолдайтын мәлімдемесін (Women Empowerment Principles) мақұлдады. Осылайша, Қор Қазақстандағы WEP-ке қол қойған 38 ұйымның бірі болды. WEP - бұл жұмыс орнында, нарықта және қоғамдастықта әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған 7 қағида болып табылады. Бұл құжатқа Google, Citigroup Inc, Nasdaq, PwC, Ernst & Young және Coca-Cola қоса алғанда 4144 компания қол қойды (2020 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша).
Соңғы онжылдықта Қор кәсіпкер әйелдерді қолдаудың бес негізгі құралын әзірледі: Азия даму банкі (АДБ) қаржыландыратын, әйелдер кәсіпкерлігін одан әрі несиелеу мақсатында екінші деңгейлі банктерге қаражатты шартты түрде орналастыру бағдарламасы, «Бизнестегі әйелдер» қайта құру және дамыту бағдарламасы (ЕҚДБ) және «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, сондай-ақ несиелерге кепілдіктер беру мен пайыздық мөлшерлемені субсидиялау.



2020 жылдың тамызында Даму Қоры Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасының қолдауымен AIX АХҚО биржасында 11,75% купондық мөлшерлемесімен және мерзімі 3 жыл болатын жасыл облигацияларды алғаш рет сәтті орналастырды.
Облигацияларды орналастырудан түскен қаражат екінші деңгейлі банктерге, микроқаржы ұйымдарына жасыл жобаларды іске асыратын ШОК-қа одан әрі несие беру үшін бағытталды.
Қордың жасыл облигациялар бойынша купондық мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялаудан басқа, Қазақстандағы БҰҰДБ жасыл жобаларға да техникалық қолдау көрсетеді.
Облигацияларды орналастыру Қор мен Қазақстандағы БҰҰДБ арасындағы жаңа келісім аясында, БҰҰДБ жобасы аясында «Жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялау тәуекелдерін азайту» Дүниежүзілік экологиялық қорымен бірге жүзеге асырылды. Қаржылық тетіктерді қолдана отырып, жаңартылатын энергия көздері жобаларының шарттары бойынша қаржылық қолдау көрсету туралы келісім жасасу шарттарына БҰҰДБ несие бойынша пайыздық мөлшерлемеден 10% субсидия, сондай-ақ негізгі несиенің бөлігін 25% -ке дейін субсидиялау кіреді.
Бұл «Даму» Қоры мен БҰҰДБ арасындағы алғашқы келісім емес. 2017 жылдың тамызында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, «Даму» қорының және Қазақстандағы БҰҰДБ-ның қатысуымен CO2 парниктік газдары шығарындыларының атмосфераға шығаруын төмендетуге бағытталған «Қазақстандағы төмен көміртекті дамытуға арналған тұрақты қалалар» жобасы шеңберінде бизнес бастамаларын қаржылай қолдау моделін іске қосты.



«Даму» қорының бірнеше бағдарламасы Қазақстандағы микроқаржы секторын дамытуға және микро, шағын және орта жеке кәсіпкерлікті қаржыландырудың баламалы көзін құруға бағытталған.
Қазақстанда микроқаржы ұйымдары қаржыландыруға мүмкіндігі шектеулі ауылдық жер тұрғындарына қолдау көрсетеді. Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығының микроқаржы секторының жай-күйі туралы ақпаратына сәйкес 2020 жылғы III тоқсанда МҚҰ несиелік портфелі 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 380 млрд теңгені құрады, әйелдерге берілген шағын несиелердің үлесі 52% құрайды. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері өзгерген жоқ.

Кім «Даму» қорының серіктесі бола алады?

Біз БҰҰ Даму бағдарламасы және Дүниежүзілік банк сияқты халықаралық ұйымдармен жұмыс жасаймыз. Біздің несие берушілер қатарына мемлекеттік органдар да, Азия даму банкі, Еуропалық инвестициялық банк және Еуропалық қайта құру және даму банкі сияқты халықаралық қаржы институттары да кіреді.
Даму қорының қазақстандық нарығындағы серіктестері - жетекші және ең сенімді жергілікті қаржы институттары - коммерциялық банктер, микроқаржы ұйымдары, лизингтік компаниялар болып табылады.
Біздің білім алмасу бағдарламаларымыз бен B2B іс-шаралары KOSGEB түрік шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту ұйымы, Шағын және орта бизнесті дамыту банкі (Ресей) және Кореяның шағын және орта кәсіпкерлік пен стартаптар агенттігі (KOSME) сияқты шетелдегі даму институттарымен тұрақты негізде жүзеге асырылуда.
Егер сіз Қазақстандағы МШОК дамытуға қаражат салғыңыз келсе және/немесе қаржылық емес қолдауға қатысуға, яғни МШОК қолдаудың озық тәжірибелерін оқып білуге және бөлісуге, МШОК үшін білім беру және іскерлік іс-шараларды өткізгуге дайын болсаңыз, сіз «Даму» қорымен жұмыс істей аласыз.

Сіздің келесі қадамдарыңыз

Егер сіз «Даму» қорымен серіктестік туралы көбірек білгіңіз келсе, қарыз алу және халықаралық қатынастар бөліміне Funding@fund.kz электрондық мекен-жайы бойынша хабарласыңыз.
Қарыз алу және халықаралық қатынастар бөлімінің міндеттері:
  • жергілікті және сыртқы көздерден жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға қаржыландыруды тарту,
  • Қор қызметкерлерінің халықаралық/шетелдік ұйымдарда және даму институттарында тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру;
  • Қор қызметкерлерінің халықаралық/шетелдік ұйымдарда және даму институттарында тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру;
  • халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша Қордың қызметін жүзеге асыру және үйлестіру