Гарантии в рамках программы "Даму Оптима" для получения кредита предпринимателям Казахстана

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Бағдарламалар

«Даму Оптима» бағдарламасы бойынша кепілдіктер

Мақсатты сегмент

Шағын және орта бизнес субъектілері

Кепілдендірілген несие шарттары:

Қарыздың максималды шегі:

Инвестициялық несиелер бойынша - 180 000 000 теңгеден аспайды (қосқанда)

Қарыздың мақсаты  инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру, мойнындағы міндеттемерді қайта қаржыландыру.

Қарыз мерзімі

Бағдарлама бойынша шектелмейді. Банктің несие шартында / несие желісін ашу туралы келісімінде анықталады

Сыйақы мөлшерлемесін және негізгі борышты өтеуге арналған жеңілдік кезеңі

Бағдарлама бойынша шектелмейді. Банктің несие шартында / несие желісін ашу туралы келісімінде анықталады

Сыйақы мөлшерлемесін және негізгі борышты өтеу тәртібі

Бағдарлама бойынша шектелмейді. Банктің несие шартында / несие желісін ашу туралы келісімінде анықталады

Несиені игеру талаптары

Кәсіпкердің несие бойынша контрагенттермен жүзеге асыратын барлық есептер мен төлемдері қолма-қол ақшасыз түрде жасалуы тиіс.

 

Шектеулер

1. Кепілдік берілмейтін несиелер:

1) Қормен жүзеге асырылатын мемлекеттік кепілдік бағдарламаларының шарттарына сәйкес келетін;

2) экономикалық қызметтің келесі түрлеріне сәйкес келетін:

64- 66 – Қаржы және сақтандыру қызметі;

2.Кәсіпкердің жобаны іске асыруға қатысуы (ақша, жылжымалы / жылжымайтын мүлік, жобаға қатысушы үшінші тұлғалардың мүлкін қоса)жобаның жалпы құнынан кемінде 20% мөлшерінде өз қаражаты есебінен

Жобаға қатысушы кез келген жылжымайтын мүлік жеке қатысу ретінде қарастырылады.Қамтамасыз ету ретінде ақшаның кепілдігі болған жағдайда, жобаға жеке қатысу ретінде қаралады

*Басқарма кеңесінің шешімімен, мына несиелерге кепілдік беріледі: мемлекеттік бағдарламалардың талаптарына сай келетін, сол аймақтағы мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыруға жұмсалған ағымдағы жылдың бюджет қаражатының (аударымдарының) болмауы және / немесе толық пайдаланып кеткен жағдайда.

Несие валютасы

Теңгелей

Кәсіпкердің заем бойынша Банк алдындағы міндеттемелерін орындау үшін кепілдігі

1) Қарыз бойынша талаптарды банктің кепілдік саясатына сәйкес банк өзі белгілейді.

2) қарыз сомасының банктің уәкілетті органының шешімінде көрсетілген кепіл құнының кемінде 50% мөлшеріндегі кепілдеме.

3) Кәсіпкер Банк белгілеген мезгілде, қосымша кепіл ретіндегі инвестициялық мақсаттар үшін берілген банк қарызы есебінен сатып алынатын барлық жылжымалы және / немесе жылжымайтын мүліктерді көрсетуітиіс

Кепілдік шарттары

Кепілдік өлшемі

Несие сомасының 50%-дан аспайды

Кепілдік мерзімі

Несие мерзімінен артық емес.

Кәсіпкердің заем бойынша Қор алдындағы міндеттемелерін орындау үшін кепілдігі

Кепілдік бойынша міндеттемелерді орындау үшін кәсіпкер Қорға жылжымалы / жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылар мен үшінші тұлғалардың кепілдіктерін ұсына алады. Кепілдік бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында кәсіпкердің Банк саясатына қайшы келгені немесе несие бойынша жеткіліксіз болғандықтан банк қабылдамай қойған жылжымалы / жылжымайтын мүлкін, сондай-ақ құрылтайшылар мен үшінші тұлғалардың кепілдіктерін Қор қабылдай алады. 

Кәсіпкердің Қорға төлейтін комиссиясы

Кепілдік шартына қол қойылған күнінен кешіктірмей, кәсіпкер Қорға берілген кепілдік сомасының 2,5% мөлшерінде бір жолғы комиссияны төлейді.

Кепілдік шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, кәсіпкер жыл сайын Комиссияға кепілдік берілген соманың қалдығының 2,5% комиссиясын төлейді. Кәсіпкер Қорға кепілдік келісім-шартының бүкіл мерзімі бойы комиссиясын бір мезетте толық төлей алады.

Банк кәсіпкер үшін Қорға кез-келген уақытта немесе жыл сайын Қорға кәсіпкер үшін бағаланатын кез келген алымдар мен айыппұлдарды төлеу құқығына ие.

Қарыз бойынша негізгі борышты өтеу / ішінара өтеу кезінде кепілдік шартында өзгеше белгіленбесе, кепілдік сомасы қатысу мөлшеріне көбейтілген негізгі өтеу сомасына тең сомаға азаяды.

Ерекше шарттар

* Уәкілетті органның шешіміне қосымша талаптар мен шарттарды белгілеуге жол беріледі, оның ішінде орындалмауына байланысты кепілдіктің тоқтатылуы / жойылуы жағдайлары да бар.


Қатысушы банктер